Медициналық комиссиядан өткен атыраулық 100 жас оңтүстік өңірдегі әскери бөлімде қызмет етеді.
"Шақыру қағазын алған соң дереу шақыру пунктіне келдім. Медициналық комиссиядан өттім. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге дайынмын", дейді әскерге шақырылушы Равиль Жоламан.
Атырау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, капитан Жасұлан Сатбалдиевтың айтуынша, биыл облыстық медициналық комиссияның құрамына инфекционист дәрігерлер енгізіліпті. Әскерге шақырылушылар әскери бөлімдерге аттанар алдында міндетті түрде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тест тапсырады. Сонымен қатар, оларға инфекциялық бактерияға қарсы заласыздандыру үшін гель, медициналық қолғаптар мен маскалар беріледі.
"Біздің облыстан ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімдерін жасақтау жоспары толықтай орындалды. Ендігі кезекте Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерін толықтыруды бастадық", деді Атырау облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, капитан Жасұлан Сатбалдиев.