Қостанай облысы сияқты шекаралық аймақтарда қазақ мектептерін көбейтудің аса маңызды екені белгілі жайт. Соңғы жылдары бұл мәселеге облыс басшылығы да мықтап назар аударып, мемлекеттік тілде оқытатын білім ошақтарын көбейтуге күш сала бастады. Облыстық білім басқармасы нақты қай аудандарда қазақ мектебін ашуға сұраныс жоғары, қай аудандарда тұрғындар бұған бейжай қарайды, оның себебі неде деген мәселелерге көз жеткізу мақсатында ел ішінде түрлі сауалдамалар мен әлеуметтік зерттеулер жүргізе бастады. Басқарма басшысының айтуынша, республика бойынша қазақ мектептерінің үлесі 65% болса, облыста 25%-ақ екен.
Қостанай облысында қазақ мектептерінің аздығын аймақ халқының этностық құрамының әралуандығымен түсіндіруге болатын шығар. Бірақ қазір облыс қазақтарының үлес салмағы 40%-ға жуықтап қалды. Демек, қазақ баласын өз тілінде оқытса, мектеп те 40 пайызға жетіп қалады.Алайда ауызды құр шөппен сүртуге болмайды, өңір мектептеріндегі қазақ сыныптарында аз да болса өсім бар. Білім басқармасы жүргізген мониторинг қорытындысы соңғы 5 жыл ішінде қазақ мектептеріндегі оқушылар саны 595 балаға, ал аралас мектептердегі қазақ сыныптарындағы оқушы саны 1 695 балаға көбейгенін көрсетіп отыр.
Қазақ мектептеріндегі бала өсімі
Оқу жылы |
Қазақ мектеп-терінің саны |
Оқушы саны |
Аралас мектептер саны |
Оқушы саны |
2016-2017 |
131 |
21172 |
121 |
9322 |
2017-2018 |
124 |
20915 |
121 |
9619 |
2018-2019 |
120 |
21033 |
121 |
9477 |
2019-2020 |
120 |
21745 |
116 |
9198 |
2020-2021 |
118 |
21767 |
114 |
11017 |
– Шындығында, қазақ мектептерінің көбеюі ең алдымен биліктің емес, бұқараның ниетіне, әлеуметтік санаға тәуелді. Қазіргі жағдайда облысымызда баласын мемлекеттік тілде оқытқысы келетін ата-ана көбеймей, қазақ мектебі көбеймейді. Өзге ұлт өкілдерін айтпағанда, өкінішке қарай, баласын қазақ мектебіне бергісі келмейтін өз қандастарымызды жиі ұшыратамыз. Сондықтан әр елді мекенде тұратын аузы дуалы, сөзі уәлі азаматтар осы бағытта байыпты насихат жүргізбей болмайды. Кезінде тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдары әр ауылда үй-үйді аралап, балаларыңызды қазақ мектебіне беріңіздер деп үгіт-насихат жүргізген ақсақалдар, қоғамдық ұйымдар болды. Мысалы, тоқсаныншы жылдары Рудныйда жұмыс істедім. Ол кезде кеншілер қаласында жалғыз қазақ мектебі бар еді – №15-мектеп. Кейін Рудныйда біртіндеп қазақ мектептері көбейе бастады. Бүгінде бұл қалада мемлекеттік тілде білім беретін 4 мектеп бар, – деді Зәуре Әнуарбекқызы.
Басқарма басшысы БАҚ өкілдерімен өткізген кездесулерде, аудандарға іссапары барысында, жергілікті теледидар эфирлері арқылы бүгінгі қазақ мектептеріндегі білім сапасының жоғары және білікті ұстаздардың, жоғарғы санатты мұғалімдердің жеткілікті екенінен құлағдар етіп, тұрғындарға баланы мүмкіндігінше қазақ сыныбына беру керектігін айтудай-ақ айтып келеді. Қазір басқарма, әсіресе солтүстік аудандарда қазақ тілінде білім алатын балалар санын көбейтуге күш салып, жоспарлы түрде әртүрлі форматта жүйелі жұмыстар қолға алған. Осы мақсатпен таяуда ғана білім басқармасының басшысы бастаған жұмыс тобы Сарыкөл және Қарасу аудандарын аралап қайтты.
Қазақ мектептері аз аудандар
№ |
Аудандар мен қалалар |
қазақ мек-тебінің саны |
орыс мекте- бінің саны |
1 |
Денисов ауданы |
1 |
25 |
2 |
Жітіқара ауданы |
2 |
21 |
3 |
Қамысты ауданы |
2 |
14 |
4 |
Қарабалық ауданы |
2 |
29 |
5 |
Қарасу ауданы |
1 |
28 |
6 |
Қостанай ауданы |
4 |
46 |
7 |
Сарыкөл ауданы |
2 |
22 |
8 |
Б.Майлин ауданы |
1 |
26 |
9 |
Ұзынкөл ауданы |
3 |
21 |
10 |
Федоров ауданы |
1 |
29 |
11 |
Лисаков қаласы |
1 |
7 |
12 |
Рудный қаласы |
4 |
21 |
БАРЛЫҒЫ: |
118 |
21767 |
Мысалы, Қарасу ауданында жалғыз қазақ мектебі бар. Бірақ бұл әу баста 30 балаға шақталып салынған интернат болған екен. Кейін мектеп ғимаратына бейімделіп, қайта жөндеуден өткен. Қазір мұнда 66 бала оқып жатыр. Тар ғимаратта бар-жоғы 10 сынып бөлмесі орналасқан. Әлеуметтік педагог, психолог кабинеттеріне орын жоқ. Мектептің айналасы жартылай қоршалғанымен, ауласы, дене шынықтыру сабақтарын өткізуге арналған алаңы жоқ.
Білім басқармасының мәліметінше, қазір Қарасу ауданында 3 712 адам тұрады, 18 жасқа дейінгі 1 208 бала бар. Бұл ауданда жыл санап бала туу деңгейі де өсіп келеді. Мысалы, былтыр ауданда 30 бала дүниеге келсе, биыл 9 айдың ішінде бұл көрсеткіш 46-ға жетіп отыр.
– Қарасу ауылынан 2 шақырым жерде Восток деген елді мекен орналасқан. Бұл ауылда мектеп жасындағы 539 қазақ баласы бар. Мұның сыртында, Қарасу ауылындағы «Балапан» балабақшасында 80 бала, Востоктағы «Ақерке» балабақшасында 25 бала қазақ тілінде тәрбие алып жатыр. Ата-аналардың айтуынша, бұл балалардың бәрі болашақта қазақ мектептерінде білім алғысы келеді. Осы жағдайларды ескере отырып, биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында Қарасу ауылында мемлекеттік тілде білім беретін 320 орындық үлкен, заманауи мектептің құрылысы басталды. Жаңа мектеп келесі жылы пайдалануға беріледі, – деді Зәуре Әнуарбекқызы.
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ МЕКТЕПТЕРІ
№ |
Аудандар мен қалалар |
қазақ мектеп-терінің саны |
оқушы-лар саны |
1 |
Алтынсарин ауданы |
3 |
186 |
2 |
Амангелді ауданы |
17 |
2281 |
3 |
Әулиекөл ауданы |
15 |
1716 |
4 |
Денисов ауданы |
1 |
64 |
5 |
Жангелдин ауданы |
23 |
2234 |
6 |
Жітіқара ауданы |
2 |
418 |
7 |
Қамысты ауданы |
2 |
113 |
8 |
Қарабалық ауданы |
2 |
188 |
9 |
Қарасу ауданы |
1 |
53 |
10 |
Қостанай ауданы |
4 |
1531 |
11 |
Меңдіқара ауданы |
10 |
428 |
12 |
Науырзым ауданы |
6 |
839 |
13 |
Сарыкөл ауданы |
2 |
110 |
14 |
Б.Майлин ауданы |
1 |
146 |
15 |
Ұзынкөл ауданы |
3 |
97 |
16 |
Федоров ауданы |
1 |
111 |
17 |
Қостанай қаласы |
7 |
4457 |
18 |
Арқалық қаласы |
12 |
2444 |
19 |
Лисаков қаласы |
1 |
254 |
20 |
Рудный қаласы |
4 |
3670 |
21 |
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат (Қостанай) |
1 |
427 |
БАРЛЫҒЫ: |
118 |
21767 |
Қостанай облысында соңғы екі жыл ішінде екі бірдей қазақ мектебі ашылды. Былтыр Қостанай қаласында №28 қазақ мектебі пайдалануға берілді. Ал биыл Әулиекөл ауданындағы Аманқарағай ауылының балалары жаңа оқу жылын жаңа мектепте қарсы алды. Қарасудағы қазақ мектебі алдағы жылы пайдалануға беріледі. Мұның сыртында, Қостанайдағы «Юбилейный» шағын ауданында 1 200 орындық аралас мектептің құрылысы аяқталып қалды. Жаңа білім ошағы алда келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында пайдалануға берілмек. Шағын аудан тұрғындарының дені қазақ отбасылары. Сондықтан жаңа мектепте қазақ сыныптарының үлесі басым болатыны күмәнсіз.
Қостанай облысы