Елорда • 02 Қараша, 2020

Елордалықтар ережелерді елемей жүр

166 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфек­циясының таралуы күшейе бас­тады. Соңғы аптадағы ауру жұқтыру көрсеткіші алдыңғы аптадан 1,3 есе немесе 28,7% жоғары. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік са­ни­тарлық дәрігері Жанна Пірәлиева хабарлады.

Елордалықтар ережелерді елемей жүр

Қазан айында қаладағы індет жұқты­рудың үдеуі карантин шараларын жеңіл­детуге мүм­кіндік бермейді. Өкінішке қа­рай тұрғындар сақ­тық шараларын ес­кере бермейді, ал ауырған жағдайда бай­­­ланысқан адамдарын ашық айтпай, фак­тілерді жасырады.

«Соңғы уақытта коронавирус инфек­циясымен ауыратын науқастардың тұр­ғылықты жері мен жұмыс орны бойынша, сондай-ақ жақын бай­ланыста болғандар туралы фактілерді жасыру және жалған ақпарат беру жиілеп кетті. Бұл эпидемияға қарсы іс-шараларды уақ­тылы жүргізуге кедергі келтіреді», деді Ж.Пірәлиева.

Сондай-ақ бизнес субъектілері шектеу шараларын, санитарлық нормалар мен карантин режімін елемей отыр. Бұған 27 және 28 қазанда мониторингтік топтар жүргізген күндізгі және түнгі рейдтердің нәтижелері дәлел бола алады. Тексерілген 290 нысанның 49-ында талаптардың орындалмағаны анықталды.

«Мейрамханаларда көптеген адам ша­қырып, отбасылық іс-шаралар өт­кізу әлі де бар. Мысалы, 24 қазанда Тұ­ран даңғылы, №5 мекенжайындағы GRANDHALLASTANA мейрамханасында 70-тен аса адам болды. Онда «Қыз ұзату» тойы өтіп, 50 адам қатысты, ал туған күн залында 20 адам болды», деді Нұр-Сұлтан қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Госман Жакин.

Сондай-ақ мобильді топ Манас кө­шесіндегі «Пошашлычим» дәмханасы мен «Жаным-сол» караоке-барында жұ­мыс күндері және демалыс күндері бел­гіленген жұмыс кестесін сақтамай, өз қызметін жүзеге асырған тәртіпсіздікті анықтады. Тыйым салынған уақытта Тұран даңғылы, 19 үйдегі Fast425 түнгі клу­бы да жұмыс істеді.

«Құрметті елорда тұрғындары мен қонақ­тары, айналаңыздағы адамдардың денсаулығы мен өміріне қамқорлықпен қарауыңызды сұраймыз. Ол үшін тек қарапайым ережелерді сақтау керек: мін­детті түрде медициналық маска тағу, әлеу­меттік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерге бармау керек», деді Бас санитарлық дәрігер.