Әдебиет • 02 Қараша, 2020

Балалар безендірген Абайдың "Қара сөздері" қайта басылып шықты

283 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елімізде алғаш рет талантты балалардың суреттерімен безендірген Абай Құнанбаевтың "Қара сөздер" кітабының бірегей нұсқасы қайта басылып шықты. Қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалар мектептер мен кітапханаларға тегін таратылып қана қоймай, кітаптың лимиттелген басылымы көрші Ресейдің 20 қазақ мектебінде де қолжетімді болмақ.

Балалар безендірген Абайдың "Қара сөздері" қайта басылып шықты

Осылайша ақынның мерейтойына "BAURZHAN Foundation" жеке қайырымдылық қоры "Балалар әлемді бейнелейді" қоғамдық қорымен бірге өзіндік үлестерін қосып, алғаш рет Қазақстанда "Қара сөздер" кітабының жаңа нұсқасын қазақ және орыс тілдерінде қайта басып шығарған еді. Ұлы ақынның өлмейтін шығармасы 2020 жылдың ақпан -мамыр айларында Қазақстанда өткен республикалық байқаудың жеңімпаз балаларының суреттерімен безендірілген.

Кітапты қайта басып шығару «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен жүзеге асты.

"Осы жобамен біз балалар мен жастарды шығармашылыққа тартып ұлы ойшыл сөздерінің құндылығын әр адамға жеткізгіміз келді. "Қара сөздер» симбиозы және балалардың бұл туындыға деген еркін көзқарасы бізге бірегей шығармашылық өнім берді. «Қара сөздер» біздің заманымызда өзекті болып қала береді. Біз бұл шығарманы оқып, қайта оқи отырып, адамдардың өз өміріндегі ойлары мен тұжырымдарын түсініп, қабылдай алуын қалаймыз", - дейді "Samruk-KazynaTrust" қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Тамаша безендірілген кітапқа барлығы 90 суреті енген, олардың 45-і "қара сөздерінің" 45 тарауының әрқайсысына арналған иллюстрациясы болып табылады және оның философиялық мағынасын ашады. Жеңімпаздардың суреттерінен басқа, "Қара сөздер" кітабына балалар салған ақынның портреттері де енген.

"Ұлы Абай өзінің басты шығармасының әр жолы сөзді шебер қолданған, ол халық шығармашылығы мен тұрмысын осы күнге дейін өзекті болып келген мағыналарын бірнеше деңгейімен тамаша ұштастыра білді. Мүмкін, бұл Абай шығармаларының басқа тілдерге аударылуында қиындықтар туғызуы мүмкін, сондықтан бізде ойшылдың қара сөздерін 45 астарлы әңгіменің әрқайсысына сүйенген балалардың суретімен біріктіру идеясы пайда болды", - дейді "BAURZHANFoundation" қорының жоба үйлестірушісі Саида Ибрагимова.

Кітаптың барлық 5000 данасы Қазақстанның кітапханалары, балалар үйлері мен жалпы білім беретін мектептерінде тегін таратылатын болады.

 

 

АЛМАТЫ