Елорда • 02 Қараша, 2020

Нұр-Сұлтанда ер адам көшеде қызды зорлауға тырысқан

601 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда қызды зорламақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда ер адам көшеде қызды зорлауға тырысқан

Оқиға 30 қазан күні кешкі уақытта орын алған. Қаладағы Байқоңыр ауданында тұратын әйел хабарласып, белгісіз ер адам 1995 жылы туған қызын зорламақ болғанын айтқан. Қыз қорыққанынан айқайлап жіберіпті. Қатты дауыстан секем алған қаскүнем үйлердің ауласына тығылып үлгеріпті. 

"Күдіктінің белгілерін алып, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері келген полиция қызметкерімен бірге іздеуге кірісіпті. Нәтижесінде, 20 минут ішінде сипаттамасы бойынша сәйкес келген Б. есімді азаматты ұстаған. Ол  1972 жылы туған Ақмола облысының азаматы болып шықты", деп хабарлады Ұлттық ұланның өкілдері.

Жәбірленуші күдіктіні жазбай таныған. Тәртіп сақшылары күдіктіні одан әрі тергеу үшін Байқоңыр ауданының полициясына жеткізді.