Аймақтар • 02 Қараша, 2020

Қарағанды облысында көмір тиелген вагон аударылды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында көмір тиелген сегіз вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында көмір тиелген вагон аударылды

"2 қараша сағат 06.00-де Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы Ботақара станциясының теміржол аралығының 27-шақырымында көмір тиелген сегіз вагонның, оның ішінде екі вагонның доңғалақ жұптары рельстен шығып кетті", деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қалпына келтіру жұмыстарын "Кузнецкий "разрезі" ЖШС жүргізіп жатыр.