Аймақтар • 02 Қараша, 2020

Өңірдегі ұстаздармен кездесу өткізді

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Қызылордаға сапармен келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Парасаттылық департаментінің басшысы  Ғанижан Асанұлы, агенттік  жанынан құрылған  республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының  жетекшісі Ырза Тұрсынзада аймақтағы білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесті.

Өңірдегі ұстаздармен кездесу өткізді

Жиын  барысында  облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу мақсатында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтып, осы бағыттағы "Саналы ұрпақ" және "Адал ұрпақ"  клубтарының  маңыздылығы туралы қатысушылармен ой бөлісті.

Ғанижан Асанұлы қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жүйелі әрі ұзақ мерзімді мемлекеттік саясат екендігін атап өтіп, ұжымда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру үшін жүйелі түрде профилактикалық шараларды өткізу қажеттігін назарға алуды ұсынды.

Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі  Ырза Тұрсынзада  білім алушылардың бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруде және парасатты қоғам тәрбиелеуде білім саласының орны айрықша екендігін жеткізді.

Қызылорда қаласындағы жоғарғы және  арнаулы орта білім беру ұйымдарының басшылары қатысқан кездесуге аудандардағы мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары мен интернаттар басшылары Zoom платформасы арқылы қосылды.