Спорт • 02 Қараша, 2020

Конор МакГрегор аралас жекпе-жекке оралды

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC ұйымының екі салмақ бойынша бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор аралас жекпе-жекке оралып, жеңіл салмақта өнер көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Конор МакГрегор аралас жекпе-жекке оралды

Ирландиялық спортшы қай ұйымда өнер көрсететін нақтыламады. Бірақ ол тексеруден өтіпті. 

"McGregor FAST зертханасынан келдім. Денемді толық тексерд3, нәтижелері де шықты. Жеңіл салмақ, күт мені", деп жазды Конор Twitter желісіндегі парақшасында. 

Еске салайық, маусым айында МакГрегор аралас жекпе-жектегі карьерасын аяқтағанын мәлімдеген болатын.