Осы салтанатқа арналған марапаттау рәсімінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов жеңімпаздарға жүлделерін табыс етті.
Байқауда 300-ден астам үміткер бақ сынады. Дауыс берудің бірінші кезеңіне қатысу мүмкіндігіне 126 жас ие болса, шешуші кезеңге 56 үміткер өтті.
Халықтық дауыс беру қорытындысына сәйкес, «Жас дарын» аталымы бойынша Мәди Пазыл мен «Жас қалам» номинациясында үздік шыққан Ақтоты Әбдіқахарова бас жүлдеге ие болды. Жеңімпаздардың екеуі де Қарағанды облысынан.
– Жастар үшін XXI ғасыр білімге, мәдени байлыққа, инновациялар мен өз бетінше білім алуға ұмтылатын заман. Біз бәсекеге қабілетті болуға және өз елімізге пайдамызды тигізуге міндеттіміз, – дейді Гран-при иегері, Жаңаарқа ауданындағы Б.Амалбеков атындағы орта мектептің оқушысы Мәди Пазыл.
Сонымен қатар Саят Абдолла («Жас блогер»), Бағлан Жаркенов («Үздік ерікті»), Самат Жүсіпов («Үздік ІТ-идея») және Мәдина Қайролла («Жас қалам») сынды жас өрендер байқаудың лауреаттары атанды.
ҚАРАҒАНДЫ