Әлем • 03 Қараша, 2020

Австрия астанасына алты жерден шабуыл жасалды (видео)

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венада қантөгіс орын алды. Терроршылар Австрия астанасына алты жерден шабуыл жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Австрия астанасына алты жерден шабуыл жасалды (видео)

Оқиға 2 қараша кешке орын алған. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де оқ атылды. Қаруланған белгісіз адамдар синагога, мейрамханалар және еврейлер орталығы орналасқан - халық шоғырланған ауданға шабуыл жасады.

Шабуыл салдарынан екі адам - ер адам және әйел қайтыс болды. 15 адам жарақат алды, оның жетеуінің жағдайы ауыр. Оның біреуі - полиция қызметкері.

"Мұндай қылмыстан кейін, ер адам өлтірілгеннен кейін әйел адам қайтыс болды. Яғни екі адам зардап шекті. Он бес адам ауруханаға жеткізілді. Жеті адам ауыр жағдайда жатыр. Олар тезірек жазылады деген үміттемін", деді Вена бургомистрі Вены Михаэль Людвиг.

Терроршылардың біреуі видеоға түсіп қалды. Алдын ала мәліметтер бойынша екі адам оқ атқан болуы мүмкін.

Австрия канцлері Себастьян Курц Венадағы шабуылды "сұмдық теракт" деп атады.

"Бір қылмыскер ұсталды, қалғандары қашқында. Қазіргі мәліметтерге сүйенсек, олар алдын ала жақсы дайындалған және қаруы көп. Бұл - теракт. Мен қауіпті тезірек жойып, ертең қоғамдық өмірді қайта қалпына келтіре аламыз деген үміттемін. Олардың қалауы туралы әзірге ештеңе айта алмаймыз, бірақ теракт басталған жерге қарап, антисемит мақсатта болған теракт деген нұсқаны да жоққа шығара алмаймыз", деді Австрия канцлері.