Әлем • 03 Қараша, 2020

15 адам қайтыс болды: Нигерияда белгісіз ауру тарап жатыр

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нигерияның оңтүстігіндегі Дельта штатында белгісіз аурудан 15 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Egemen.kz 

15 адам қайтыс болды: Нигерияда белгісіз ауру тарап жатыр

Жергілікті Vanguard басылымының мәліметінше, 18-ден 25-ке дейінгі жас аралығындағы азаматтар қайтыс болған. Штат билігі аурудың таралуын тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтты.

"Дельта штатының үкіметі Уте Окпу және Идумеса қоғамдастығында белгісіз жағдайда қайтыс болғандар туралы ақпарат алды. Бұл губернаторды, сенатор Ифеани Оковты алаңдатты және штаттың Денсаулық сақтау министрлігіне өлім жағдайын тексеру және себебін анықтау, аурудың таралуын тоқтату шараларын қабылдау бойынша тапсырмалар берді", деп келтірді басылым штаттың денсаулық сақтау жөніндегі уәкілі Морди Ононье.

Басылымның хабарлауынша, эпидемиологтар қайтыс болғандардың отбасына, ауруханаға барды және зерттеуге қажетті анализдерді жинады. Мамандар адамдардың жаппай өліміне геморрагиялық безгек себеп болуы мүмкін деп күдіктенеді.