Аймақтар • 03 Қараша, 2020

1,3 мыңнан астам адам туберкулезге қарсы тексеруден өтті

244 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бірінші аптада «Стоп туберкулез» акциясы аясында жылжымалы пункттерде 1 311 адам флюорографиялық тексеруден өтті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. Қаланың 28 тұрғынында өкпе туберкулезіне тән өзгерістер анықталды. Олардың барлығы қосымша тексеруге жіберілді.

1,3 мыңнан астам адам туберкулезге қарсы тексеруден өтті

«Мұндай акцияны өткізудің маңызы зор. Ол туберкулезді дер кезінде анықтау және қажетті ем тағайындау бойынша жұмысты қайта бастауға мүмкіндік берді. Алғашқы 10 күннің ішінде қаланың 1 300-ден астам тұрғыны флюорографиялық тексеруден тегін өтті. Қалада бұрын туындаған күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты туберкулезді ерте анықтау бойынша жұмыс біршама әлсіреді. «СТОП туберкулез» айлығы аясында ауруды жұқтыруға жол бермеу мақсатында белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарға тексеру жүргізуге мүмкіндік бар», - дейді денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.

Жылжымалы цифрлы флюорография қондырғылары базарларда, сауда орталықтарында, қаланың тұрғын үй алаптарында да орнатылды. Тексеру «Артем», «Алем», «Жаннур», «Джафар», «Астықжан» (Бейсекова к-сі) сауда үйлерінің; «Евразия» сауда үйінің, орталық базардың аумақтарында жүргізілді. Промышленный, Пригородный, Өндіріс, Көктал елді мекендері тұрғындары да тегін тексеруден өтті.

Бұдан басқа, полиция департаментінің қолдауымен флюорографиялық тексеру тұрақты тұратын жері жоқ адамдарға жүргізіледі. Мамандар кеңес беру көмегін, соның ішінде тәуекел тобындағы адамдарға қашықтан көмек көрсетеді.

«Мұндай профилактикалық тексерулер аурудың ерте диагнозын қоюға ықпал етеді және туберкулездің белсенді анықталуын арттырады. Тексеру алдын алу мәселелері бойынша санитарлық – ағарту жұмыстарымен қатар жүреді», - дейді елорданың бас фтизиатры Анна Цепке.

Сонымен қатар аумақтық БМСК медицина қызметкерлерімен «Санат Алеми» ҮЕҰ қатысуымен туберкулездің алдын алу, ерте анықтау, алғашқы белгілері бойынша жұмыстар жүргізілді.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған «СТОП туберкулез!» шарасы елордада 23 қазанда басталды.