21 Қараша, 2013

Аймақ кәсіпкерлерінің мақсаты айқын

263 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Тараз қаласында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мәселелеріне арналған аймақаралық конференция болып өтті. Оның аясында аймақтағы ірі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес өкілдері 13 меморандум мен келісімшартқа қол қойды.

 

Тараз қаласында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мәселелеріне арналған аймақаралық конференция болып өтті. Оның аясында аймақтағы ірі кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес өкілдері 13 меморандум мен келісімшартқа қол қойды.

«Talas Invest Company» ЖШС мен «Цой» ЖК-нан тасымалы бойынша келісім жасаса, «Talas Invest Company» компаниясы «ККК Хим Бизнес» кәсіпорнымен «биг-бег» қаптарын жеткізіп беруге уағдаласты. «Казфосфат» ЖШС-і, «ККК Хим Бизнес», «Ақтас Ойл Kz» және «Жаңатас көлік» кәсіпорындары арасында жанар-жағармай жеткізу, теміржол тасымал қызметі бойынша келісімшарттар жасалды.

«Еврохим-Тыңайтқыш» пен «Тараз құбыр зауыты» пластикалық құбыр жеткізуге келісімшартқа отырса, «Тараз» химиялық паркі» Шу ауданы кәсіпкерлерінің ассоциациясымен тауар жеткізуге, жұмыс орнымен қамтамасыз етуге және қызмет көрсетуге қол қойды. «Central Asian Gold Production» мекемесі 3 меморандумға қол қойып, «Құрылыс Полимермен» мата, «Talas Invest Company» компаниясымен натрий цианидін және «Тараз құбыр зауытымен» құбыр жеткізуге келісті. «Алкопищепром» және «СК «САФ» АҚ филиалы арасында әйнек ыдыстар, АО «Запчасть» және «Тараз электрод зауыты» арасында электрод массаларын жеткізу бойынша қол алысылды.

«Адамның күні адаммен» дегендей, кәсіпкерлер арасындағы бұл келісімшарттар ел дәулетін еселеу жолындағы қадамның бірі десе де болғандай.

Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жамбыл облысы.

Соңғы жаңалықтар