Аймақтар • 03 Қараша, 2020

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

4 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында түнде және таңертең 4 қарашада тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 4 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан облысы 4 қарашада күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай облысы 4 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды облысы 4-5 қарашада

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысы 4-5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз 4, тәулік бойы 5 қарашада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 4, тәулік бойы 5 қарашада батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.