Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен кеше таңертең Италияның Мерано қаласында өтіп жатқан Merano Cup халықаралық турнирінде ерлердің жекелей өнер көрсетулері бойынша бірінші орынды жеңіп алды.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен кеше таңертең Италияның Мерано қаласында өтіп жатқан Merano Cup халықаралық турнирінде ерлердің жекелей өнер көрсетулері бойынша бірінші орынды жеңіп алды.

Біздің спортшы бұл жарыста 231,12 балл жинап, жапон Дайсуке Мураками (222,89) және итальян Паоло Бачини (189,07) сынды басты қарсыластарын шаң қаптырып кетті.
Міне, осы жарыс аяқталар-аяқталмастан Денис кеше тағы бір осындай беделді турнирге қатысу үшін Австрияға ұшып келді. Ол Грац қаласында 20-24 қараша күндері өтеді. Түнде онда ерлер мен әйелдердің жеке сырғанаулары бойынша сайыс басталды.
Айта кетуіміз керек, Денис Теннің үстіміздегі жылы Канадада өткен әлем чемпионатында қол жеткізген күміс медалі арқасында Қазақстан Сочиде 2014 жылдың ақпан айында өтетін қысқы Олимпиялық ойындарға екі мәнерлеп сырғанаушы қоюға мүмкіндік алған болатын. Бұл орындар Денистің өзінен бөлек Абзал Рақымғалиев есімді тағы бір спортшымызға беріліп отыр.
Дамир ҚОЖАМҚҰЛ.