21 Қараша, 2013

Украина газды Словакиядан алатын болды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 11 - Ukraina gazЕуропа Одағының тапсырмасымен Украинаға газды Словакия беретін болды. Бұл туралы Izvestia.ru хабарлады.

Вильнюстегі «Шығыс әріптестігі» саммитінен бірнеше күн бұрын Еуропа Одағы Ресейдің Украинаны көгілдір отынмен қамтамасыз ету монополиясы жақын арада бұзылуы мүмкін екенін алға тартты.

«Словакиядан Украинаға көлемді мөлшерде газ тасымалдануының барлық шарттары қаралып, келісім жасалды. Енді біз бұл құжатқа қол қойғалы отырмыз», – деп мәлімдеді Еурокомиссияның энергетика мәселелері жөніндегі ресми өкілі Марлен Хольцнер. Оның айтуы бойынша, Словакия мен Украина аталмыш келісімнің шарттарын бір жыл бойы талқылаған.

Көгілдір отынды жеткізіп беруді Германияның «RWE Supply & Trading» компаниясы өз мойнына алатын болды. Бұдан бұрын бұл компания Украинаға жылына 10 млрд. текше метрден аса газ жеткізіп беру жөнінде келісімшарт жасаған болатын. Алайда, бұл келісімшарт мұншама көлемде газ тасымалдауға мүмкіндік болмауынан тоқтатылған еді. Енді 2014 жылдың ортасынан бастап аталмыш компания Украинаға газ жеткізе бастайды деп күтілуде.

Украинаның энергетика және көмір өнеркәсібі министрі Эдуард Ставицкий Словакиядан газ тасымалдануы жөніндегі келісімшартқа қол қойылатынына сенім білдірді.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Izvestia.ru

Соңғы жаңалықтар