21 Қараша, 2013

Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяға қарсы үгітті күшейтті

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21-11-13-Kim In-1

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяның беделіне нұқсан келтіретін үгіт-насихат жұмыстарын үдете түсуге пәрмен берді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Оңтүстік Корея үкіметінің дерек көздеріне қарағанда, Ким Чен Ын өзінің басқаруындағы Корей еңбекшілері партиясына Пак Кын Хе жетекшілік ететін Оңтүстік Кореяны жағымсыз жағынан көрсетуге байланысты нұсқау берген.

Ким Чен Ын жоғарыда айтылып өткен мәселеге қатысты қазан айының басында арнайы бұйрық шығарған көрінеді.

Қазірдің өзінде солтүстіккореялық бұқаралық ақпарат құралдары Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хені «диктатор» деп атап, оның  «мекен-жайына» түрлі былапыт сөздерін бағыттай бастаған.

Кейбір сарапшылардың болжамдарына қарағанда, Сеулмен қарым-қатынасты түзетуге іштей ниетті  Ким Чен Ын Оңтүстік Кореяның президенті Пак Кын Хенің беделін төмендете отырып, нәтижесінде оңтүстіккореялық оппозицияның қолдауына ие болуды көздейді. Ал оппозиция Оңтүстік Кореяның билігіне келе қалса, Ким Чен Ын олармен түсіністікпен бірлесе жұмыс істеуі мүмкін.

Жолды

Дерекөз: РИА «Новости».

бай Базар.

 

Соңғы жаңалықтар