Аймақтар • 04 Қараша, 2020

Шымкенттегі әйелдер колониясында діни көзқарастар тақырыбында семинар кеңес өтті

395 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/4 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматшалар арасында діни көзқарастар тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкенттегі әйелдер колониясында діни көзқарастар тақырыбында семинар кеңес өтті

Аталған мекемеде Қарабура әулие мешітінің бас имамы Ә.Сертай, қалалық дін істері басқармасының теологы А.Оралбаев "Әлеуметтік желінің зардаптары" жөнінде баяндама оқыды.

Баяндамада қазіргі таңда діни экстремистік теріс бағыттағы сайттар ағымына кіріп, шырмауынан шыға алмай, адасып жатқандар жайында айтылды.

"Мекемемізде сала мамандарын шақыртып, осылай түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Мақсатымыз - жаза өтеу орындарынан босап шығатын тұлғалардың беймәлім теріс діни ағымдардың жетегінде кетуіне жол бермеу болып табылады", дейді ИЧ-167/4 мекемесі жедел бөлімінің жедел уәкілі әділет капитаны Ғ.Әбсадық.     

Жат пиғылдағы арандатушылардың салдарынан келеңсіз жағдайларға түсіп қалмас үшін қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ИЧ-167/4 мекемесінде жазасын өтеуші сотталған азаматшаларға арнайы теолог мамандар мен имамдар діни дәріс оқып келеді екен.