Қоғам • 04 Қараша, 2020

Жетекші маман мемлекетке миллиондаған залал келтірген

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Antikor ortalygy" сервистік орталығында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің   Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы А.Ерсейтов пен департамент басшысының бірінші орынбасары Б.Ниязов Zoom платформасы арқылы Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары А.Қошалақов, сонымен қатар кент және ауылдық әкімдерімен кездесу өткізді. Онда "Көмекбаев ауылдық  округі әкімі аппараты" ММ-нің жетекші маманына Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен тергелген қылмыстық іс бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабының тәртібі негізінде енгізілген ұсыныс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетекші маман мемлекетке миллиондаған залал келтірген

Бұл жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылық электрондық цифрлық қолтаңбаның кілтін қолдануда есепші-маманға басшылар тарапынан бақылау болмауынан орын алып, мемлекетке 3 634 292 тенге мөлшерінде материалдық залал келтірілген.

Кездесу барысында, ауылдық әкімдерге алдағы уақытта екінші қол қою құқығына ие тұлғаға, яғни мекеменің есепшісіне электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін беруге шектеу қойып, ведомстволық акті негізінде оны қолданудың тәртібін бекіту, Қармақшы ауданы әкімі аппаратына қарасты мекемелердің қызметіне тиісті тексеру жүргізіп, қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол берген лауазым иелерінің тәртіптік жауапкершіліктерін шешу ұсынылды.