Хоккей • 05 Қараша, 2020

«Динамодан» басым түсті

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» тұрақты біріншіліктің кезекті турында Риганың «Динамосын» қабылдады.

«Динамодан» басым түсті

Нұр-Сұлтанда өткен бәсекеде «Барыс­тың» басымдығы еш күмән туғызған жоқ. Бірінші кезең шиеленісті өткенімен, екі команда біразға дейін бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Тек кезеңнің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Линус Виделль есеп ашты. Бұл – 35 жастағы швециялық шабуылшының ҚХЛ-дағы 100-голы. Командалар үзілістен шыққан бетте айдын иелері екінші шайбаны қақпаға енгізді. Бұл жолы Виктор Сведбергтің оңтайлы пасынан кейін Кертис Волк нысананы дәл көздеді. Ойынның 25-минутында Мэтт Фрэт­тин жергілікті жанкүйерлерді тағы бір қуантты. Осылайша, бұл кездесу 3:0 есебімен аяқталды.

Енді өзінің алдағы үш кездесуін «Барыс» сыртта өткізеді. Атап айтсақ 8 қарашада Череповецте «Северстальмен» ойнайды. Ал 10 және 12 қараша күндері Ярославльдің «Локомотив» және Нижнекамскінің «Нефте­химигімен» күш сынасады.