Қоғам • 06 Қараша, 2020

Қоғамдық бақылау мәселесі талқыланды

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде кеше Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитеті депутаттарының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаевамен және қоғам өкілдерімен кездесуі өтті.

Қоғамдық бақылау мәселесі талқыланды

Кездесу барысында қоғамдық бақы­лауды заңнамалық бекіту мәселелері бойын­ша негізгі тәсілдер талқыланды.

Аида Балаева қоғамдық бақылау инс­титутын жетілдірудің өзектілігін, оны жүзеге асыру процесін құқықтық регламенттеу үшін құқықтық жағдайлар жасау азаматтардың барлық сындарлы сұраныстарына жедел және тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың пәрменді шарасы болатынын» атап өтті.

Осылайша, болашақ заң жобасының мақсаты қоғамдық бақылау жүйесінің құқықтық негізін, сондай-ақ азаматтық қоғамды одан әрі дамыту үшін құқықтық жағдайлар жасауды айқындау ұсынылады.

Заң жобасының міндетіне бірыңғай ұғымдық аппаратты қалыптастыру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру қағидат­тарының бірыңғай жүйе­сін белгілеу, сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күресте қоғамдық күш-жігерді бірік­ті­­рудің құқықтық тетіктерін жасау, сон­­дай-ақ қоғамдық бақылау субъекті­лері мен объектілерінің функцияларын, өкілет­тік­тері мен жауапкершілігін айқындау кіреді.

Кездесу барысында «Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауым­дастығы» ЗТБ басқарма төрағасы Айгүл Со­ловьева, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрға­зиева, «Ұлт тағдыры» ҚБ төрағасы Досма­хамбет Көшім және «Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюро» ҚБ директоры Евгений Жовтис, саясаттанушы, қоғам қайраткері Айдос Сарым, «Eurasian Expert Council» ҚҚ басшысы Шыңғыс Лепсібаев сөз сөйледі.