Қоғам • 06 Қараша, 2020

Қазақстан Митрополитімен кездесті

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесті.

Қазақстан Митрополитімен кездесті

Кездесу барысында министр сындарлы мемлекеттік-конфессиялық қаты­нас­тарды дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табы­ла­тынын атап өтті. Бұл, әсіресе, рухани дәстүрлерді қалыптастыратын және бей­­біт­шілік пен келісімді нығайтуға елеу­лі үлес қосатын діни бірлестіктерге қатыс­ты болып отыр.

Сондай-ақ министр Қазақстанның Православие Шіркеуі рухани-адам­гершілік мәдениетті қалыптастыруда, қоғамда ұлттық құндылықтар мен дәс­түрлерді сақтауда, жастарды патриоттық сезімге баулуда мемлекеттің сенімді серіктесі екеніне тоқталды.

Аида Балаева Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі еліміздің діни бір­лес­тіктерімен, соның ішінде православие шіркеуімен серіктестік қарым-қатынас орнатып жатқанын айтты.

Өз кезегінде митрополит Александр Қазақ­стандағы тиімді мемлекеттік-конфес­сиялық қатынастар діни ахуалдың тұрақ­тылық арнасында ұдайы дамуына ық­пал ететінін және қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімді қамтамасыз ететінін айтты.

Тараптар конфессияаралық келісім мен дінаралық диалог қағидаттарын ілге­рі­лету бойынша одан әрі ынтымақ­та­с­тықты жалғастыруға ниет білдірді.

Кездесу соңында министр еліміздің бас­ты мәдени және рухани ескерткіш­терінің бірі – Алматы қаласындағы Вознесенск кафед­ралды соборының өз қызметін қайта бас­тағанына 25 жыл толуымен құттықтады.