Руханият • 06 Қараша, 2020

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту

415 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлінің күшейіп, ұлт­аралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келгенін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев биылғы Жолдауында атап өткені белгілі. Осы орайда белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажеттігі де айтылған-ды.

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту

Ақпарат және қоғамдық да­му министрлігі «Азаматтық бас­­­тамаларды қолдау орта­лы­­­­ғының» тапсырысына орай «Лұ­­ғат» қоғам­дық қоры үкі­­мет­­тік емес ұйым­дар­дың қыз­ме­тінде мемлекеттік тіл­дің қол­­данылуын арттыру  мақ­­са­­тында еліміздің 6 өңірінде ҮЕҰ қызметкерлеріне оқыту се­­­минарларын ұйымдастыр­ған болатын. Осы игі шараны қо­­­­рытындылауға байланысты өт­­­­кен жиында Алматы қаласы әкі­­­мі аппараты Тілдерді дамыту және латын графикасына кө­шу ор­талығының бас инспекто­ры Бақыт Қалымбет бүгінде қо­ғам тарапынан қазақ тілінің қол­да­ну аясын кеңейту туралы маз­мұн­ды ұсыныстардың жиі кө­те­ріліп жатқанына тоқталды. Тіл инс­­­пекторының айтуынша, тіл ту­ралы заңымызды алға тарта оты­рып, отырыс-жиындарымызды қазақ тілінде бастап, орыс ті­лінде жалғастырып кетудің ке­зеңі кетіп бара жатқандығын, көз­бояушылықпен қоғамның ке­ліс­пейтіндігін алға тартты. Қа­зір­гі кезде бұқаралық ақпарат құ­­рал­дарында, әлеуметтік же­лі­лер­де тіл жанашырларының осы ба­ғытта көтеріп отырған ұсы­­ныс-пікір­лері орынды. Яғни, ана тілі­міздің кеңінен қанат жая­тын кезі келгенін уақыт өзі көрсетіп отыр. 

«Лұғат» қоғамдық қорының басшысы Бижомарт Қапалбек­тің айтуынша, еліміздегі түр­лі бағыттағы үкіметтік емес ұйым­дардың жұмысын қолдау және жандандыру мақсатында жүзеге асқан мемлекеттік тілді ілгерілету семинарларына Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы, яғни әр өңірден 50-ден аса маман қатысып, іс қағаздарын қазақша жүргізуді үйренген. Оқыту тә­жірибесінің маңыздылығы тұр­ғысында ойларын ортаға сала келе Б.Қапалбек «Дегенмен де, соңғы жиырма жыл ішіндегі кө­кейкесті мәселелер әлі күнге шешімін таппай келеді», деп қын­жылады. Себебі тіл үйренуге ықылас-пейілсіз, немқұрайды қараушылықтың салдарынан амалсыз оқып жүргендер бар. Өйткені іс қағаздарын қазақша жүргізу мұндай ұйымдарға керек те емес. Олардың көпшілігінде орыс тілді азаматтар басшылық ететіндіктен, тегін оқытамыз дегенге иіле қоюы да екіталай. Әрі қарай мемлекеттік іс қағаздарын қазақша жүргізіп кетеді дегенге де сенім аз. Ал оның себеп-сал­­дары өте тереңде жатыр. Сон­­дықтан да тілдің жағдайы қа­уіп­сіздік және де шекара мәселесі сияқты мемлекеттің пәрменімен қорғалуы қажет.

Пікірталас алаңында белгілі саясаткер Дос Көшім өркениетті елдердегі заңдарды мысалға кел­тіре отырып, елімізде тіл төңі­регінде қалыптасқан ахуалға тоқ­талды. Саясаткердің айтуынша, азаматтардың мемлекеттік тілді білуін заң арқылы талап ету демократия, адамдардың құқығы мен еркіндігіне қайшы келмейді. Сондықтан да бүгінгі қоғам алдына қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту мәселесі қойылып отыр. Тілді қолданбаса, қажетсіз болса, ол жойылады. Ел іргесін тіктеген жылдан бергі аралықта қаншама қазақ мектептері ашылды, қаншама қазақтың баласы қазақ тілінде білім алды. Бірақ қа­зақ тілінің қолдану аясын ке­ңейте алдық па? Қоғамды алдар­қатып келген жалған статистикалармен бетпе-бет келгенде қа­­­рапайым ас мәзірінің қазақ ті­­­лінде жазылмайтындығына көз жеткіздік. Тілді таңдау адам құ­­қығына байланысты. Заң болсын, болмасын қоғамның тілдің қол­дану аясын талап ететін ке­зі жетті. Д.Көшім осы орайда Балтық жағалауы елдерінің тә­жірибесін мысалға алды. Өт­кен ғасырдың 90-жылдарын­да тіл мәселесін көтерген Бал­тық жағалауы елдеріндегі орыс тіл­ділер бүгінде эстон, латыш тіл­дерінде еркін сөйлейтін жағдайға жетті.

Ендігі кезекте қоғамда тілді қолданудың заңды негіздері талап етілмек. Ал тіл туралы заңның өзі екіұшты. Бірақ қазақ тілділер «мен қазақ тілінде сөй­леймін», «қазақ тілінде жазғанды талап етемін» дейтін болса, билікте отырған әрі отыз жылға жуық уақытта тіл үйренбегендер үшін қиындықтар туындайды. Сондықтан да қазақ тілділер қазақша жауап беріп, қазақ тілді ортаның бар екеніне, оның қажеттілігіне орыс тілінде сөй­лейтін қалың көпшіліктің көзін жеткізуі керек.

Жиын барысында Алматы қаласы әкімдігінің, аудан әкімі ап­параттары тілдерді дамыту мәселелеріне жауапты мамандар, үкіметтік емес ұйымдар және тіл мониторингі тобының мү­­шелері, белгілі тіл жанашырлары мен қоғам белсенділері мем­лекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге байланысты ұсы­ныс пікірлерін ортаға салды. Со­нымен бірге республикалық немесе жергілікті бюджет қар­жы­сы есебінен өткізілетін те­гін семинарлар мен оқу курс­та­рына қатысу, құжаттарды ре­­­сімдеу, қызмет көрсетудегі мем­­­лекеттік тілдің қолданылу дең­­гейі, құқықтық негіздер мен заң­­на­малық талаптарды жетіл­діру мәселелерін де назарға алды. 

 

АЛМАТЫ