Қоғам • 07 Қараша, 2020

ӘӘК әуе айлағы СУ-30СМ ұшқыр ұшағымен толықты

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеңес Одағының батыры Нүркен Әбдіров атындағы Қарағанды авиация базасы жаңа Су-30СМ жойғыш ұшақтарымен толықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ӘӘК әуе айлағы СУ-30СМ ұшқыр ұшағымен толықты

Ресей Федерациясымен жасалған келісім және Қазақстанның Қарулы Күштерін қайта жарақтау бағдарламасы бойынша Әскери-әуе күштеріне көп функциналды Су-30СМ ұшқыр ұшақтары келді.

«Cу-30СМ ұшақтары әскерлерді және объектілерді әуе шабуылы соққыларынан қорғану, әуедегі және жердегі нысаналарды анықтау мен жою мүмкіндіктерін айтарлықтай ұлғайтады. Солардың арқасында Қарулы Күштердің әлеуеті артады», – деп Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Нұрлан Орманбетов атап өтті.

Cу-30СМ – бұл екі орынды көпмақсатты, барлық ауа-райында ұшатын, жоғары маневрлі 4++ жойғыш ұшақтардың жалғасы. Онда Әскери-әуе күштері қару-жарағының құрамындағы Су-27 және Миг-31 сынды екі түрлі әскери машинаның күші бар.

Ұшақтарды Иркутск авиация зауытынан әкелу 2015 жылдан бері іске асырылып келеді. Бүгінгі күнге дейін көптеген авиациялық базалар онымен жарақталған.

Қарағанды авиация базасының ұшу және инженерлік-техникалық құрамы Талдықорған менұшақты дайындаған зауытта толық оқудан өтті. Олар ұшақты басқаруға, пайдалануға және осы тектес ұшақтарға қызмет көрсетуге тиісті рұқсат алды.