Коронавирус • 07 Қараша, 2020

Нұр-Сұлтанда 45 адам коронавирус жұқтырған

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада бір тәулік ішінде 45 адамда инфекциясы анықталған. Оның ішінде 25 адамда ауру белгілері білінсе, 20-сында симптомсыз өтуде. Барлық симптомсыз науқастар медицина қызметкерлерінің бақылауымен үй карантиніне оқшауланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда 45 адам коронавирус жұқтырған

Вирустық интоксикациясы бар пациенттер инфекциялық стационарда емделуде.

"Біз тәулігіне коронавируспен ауыратындардың саны артып келе жатқанын байқап отырмыз. Соған қарамастан, жұқпалы аурулар ауруханасында 107-ден астам КВИ-мен ауыратын науқастар бар, өйткені біз аурудың белгілері бар науқастарды амбулаториялық деңгейде анықтап, емдейміз. Біз болжағандай, аурудың өсуі қазан – қараша айларында байқалды. Елордалық медицина вирустың қайта өршу жағдайына толыққанды дайын. Ең бастысы, науқастардың ӨЖЖ аппаратымен демалуына, аурудың асқынуына жол бермеу қажет", – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Пандемия басталғаннан бері елордада COVID-19-бен аурырған 14,789 адам тіркелді. Оның ішінде 14 156 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп шықты.