Әлем • 09 Қараша, 2020

ИИДМ Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізбейтінін айтты

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанның басқа елдерге қару жеткізуге ниеті жоқтығын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

ИИДМ Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізбейтінін айтты

Кейбір интернет-сайт пен әлеуметтік желіде Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізе бастады деген хабарлама тараған. Бұл ақпарат − фейк. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтып, жоққа шығарды.

"Қазақстан әлемдік қауымдастық алдындағы барлық міндетін орындайды және басқа елдерге қару жеткізу ниеті жоқ. Мақалада көрсетілген мәліметтер шындыққа жанаспайды және оның ешқандай негіздемесі жоқ", делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске сала кетейік, ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2020 жылғы 2-3 қарашада Silk Way West Airlines әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан және Баку арасында рейс жасамаған.

1