Қоғам • 09 Қараша, 2020

Қазақстанда ПТР-тестілер мен маскаларға жаңа бағалар белгіленді

1587 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс құралдарына жаңа бағалар белгіленді, деп хабарлайды Egemen.kz Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда ПТР-тестілер мен маскаларға жаңа бағалар белгіленді

Агенттікке бағалардың барлығына талдау жүргізу және зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныс құралдарының баға саясатына мониторинг жүргізу тапсырылған.

Нәтижесінде ПТР-тесттердің бағасы ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс нарығының 36 субъектісімен жасасу жолымен 18 000 теңгеден 9 000 теңгеге дейін төмендеді. "Олимп "КДЛ" ЖШС және "Инвиво" ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын баға белгіледі. Ал "Сұңқар" ЖШС және "Әйгерім" ЖШС сынды жекелеген зертханалар бағаларды тиісінше 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті.

Сондай-ақ медициналық маскалардың бағасы бір данасы үшін орта есеппен 21 теңгеге дейін, дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы бір данасы үшін 20 теңгеден 3 теңгеге дейін, өндірушілермен, дистрибьюторлармен және бөлшек сауда желілерімен монополияға қарсы комплаенс әзірлеу арқылы бір данасы үшін орта есеппен 60 теңгеден 26 теңгеге дейін төмендеді.