Ғылым • 09 Қараша, 2020

Автожол саласындағы алғашқы әлемдік ғылыми жаңалықтар ҚазжолҒЗИ базасында жасалған

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары өзінің ғылыми қызметін жалғастыруда. Олар осыдан төрт жыл бұрын әлемдік жол саласында төменгі температуралы жарықшақтану кезінде асфальтбетонды жол төсемінің өзін-өзі құру заңдылығы жайлы жаңалықты алғаш ашқанын айтып өткен жөн, деп жазады Egemen.kz

Автожол саласындағы алғашқы әлемдік ғылыми жаңалықтар ҚазжолҒЗИ базасында жасалған

Қазір институттың арсеналында 3 ғылыми жаңалық бар:  "Төменгі температуралы жарықшақтану кезінде асфальтбетонды жол төсемінің өзін-өзі құру заңдылығы" және "Асфальтбетон жамылғысының сатылық тозып бұзылу заңдылығы (Телтаев қағидасы) және былтыр жарияланған "Наноқұрылымды битумның пайда болу құбылысы"

Соңғы 5 жылда ҚазжолҒЗИ қызметкерлері халықаралық ғылыми журналдарда 136 мақала мен монография жариялаған.  84 жұмыс Scopus мәліметтер базасында болса, 52-сі Web of Science халықаралық базасында сақтаулы. Бүгінгі күнге дейін аталмыш мақалалар дәйеккөз ретінде 679 рет пайдаланылыпты.

Ғылыми зерттеу жұмыстарын ҚазжолҒЗИ практикалық іске асырып, патенттеген. Осылайша 2015 жылдан бастап институт 16 өнертабыс патентін алыпты. Оның 4 – халықаралық.