Тарих • 10 Қараша, 2020

Қазақстандағы ашаршылық: құжаттар сөйлейді...

1049 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Отандық және шетелдік тарихнамада 1929 жыл ішкі саясаттағы сталиндік «түбегейлі бетбұрыс», ЖЭС-тің (жаңа экономика­лық саясат) түпкілікті құлдырауы және аграрлық сектордағы «жоғарыдан» түскен революцияның жылы деп саналады. ЖЭС кезеңінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы өрлеуді бастан өткерді. Мысалы, 1928 жылғы астықтың жалпы түсімі 1920 жылмен салыстырғанда 50 есе жоғары болды. Алайда шаруалар бұдан ештеңе ұтқан жоқ. Мемлекеттік сатып алу бағалары нарықтық бағадан үш есе төмен болғандықтан, олар барлық жерде егіс алқаптарын азайта бастады, елде астық дайындау дағдарысы басталды. Шаруалардан астық қорлары, соның ішінде тұқым қорлары да тартып алынды.

Қазақстандағы ашаршылық: құжаттар сөйлейді...

Қазақстанда астықты тапсыру бойынша міндеттемелер мал шаруашылығымен айналысқан аудандарға да жүктелді. Мұны орындау үшін олар бағып отырған малын нанға ауыстыруға мәжбүр болды. Елде ет пен жүнді дайындау науқаны жалғаса берді, бұл өз кезегінде малды жаппай союға әкелді.

1930 жылдардағы қайғылы оқи­ғаларға алып келген келесі актілер бай шаруашылықтарды тәркілеу туралы заңның қабылдануы және ұжымдастыру науқаны болды. 1929 жылдың 17 желтоқсанынан бастап Қазақстанның партия­лық органының директивасына сәй­кес ірі мал шаруашылығы колхоздарын ұйымдастыруға баса назар аударылды. Шын мәнін­де, мал әкімшілік әдістермен ор­­тақ­тастырылды. Үлкен аумақ­­тар­дан басқа жерлерге айда­­лып әкетіліп, ол жерлерде мал азық­тың жоқ­тығынан өлді. Қа­зақ­­­станда ұжым­­дастыру 1932 жыл­­­ға қа­рай аяқ­талуы тиіс еді, алай­­­да жер­гілік­ті билік бұл үр­дісті қазақ­тар­ды күштеп оты­рық­шы­ға айналдырып, оны тездетіп жүргізуге ты­рысты. Шаруа секторының егіс­тік алқап­тарын ортақтастыру дең­гейі бойынша Қазақстан КСРО-да бірінші орынға шықты (97,8 %).

Жоғарыда аталғандарды ескермегенде, ҚазКСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы О.Исаев пен республиканың Қаржы халық комиссары М.Орымбаевтың КСРО Халық комиссарлар кеңесіне жолдаған баяндау хатында былай дейді: «Недород 1931 года захватил подавляющую часть районов Казахстана, в частности почти все районы Северного и Западного Казахстана. Особо неблагоприятные последствия недорода 1931 года в ряде районов имели место в связи с тем, что в этих районах недороду 1931 года предшествовали недороды предыдущих лет. В отдельных районах Казахстана урожай был настолько низок, что не оправдал семенных затрат…».

1930 жылдардың басында Қа­зақстан ұлы нәубетті басынан өт­керді, оның көптеген адамның өмі­рін қиған ең шарықтау кезеңі 1933 жыл болды. 1930-1933 жылдары республикадағы халықтың жалпы саны 2,4 есеге қысқарды. 1931 жылдың көктемінде жергілікті жерлердегі уәкілдер ашаршылық туралы мәліметтерді Алматыға жі­бере бастады, алайда билік оларды елемей, әкімшілік қысымды кү­шейте түсті. Партиялық-кеңестік аппарат үшін мұндай тіміскілік әрекеттер экономикалық саясаттың сәтсіздіктерін, қарапайым халық­тың қайғы-қасіреті мен ашар­шы­лықты түсіндіруге тиімді болды.

Қазақстан Прези­дентінің Ар­хи­вінде тек өздерінің лауазым­дық және қоғамдық жағ­дайымен ерекшеленетін екі жақын туыс­тың екі құжаты – мемуарла­ры мен хаты сақталды. Онда автор­лар «ауыл шаруашылығын со­циалистік қайта құру» туралы бір-біріне мүлдем қарама-қай­шы көзқарастарды білдіреді. Қазақстанның партия көшбасшысының көмекшісі М.С.Ря­д­нин, қалыптасқан жағдай үшін партия қатарына кірген жауларды айыптап, мынандай пікірін білдіреді: «Подготовку к проведению конфискации байских хозяйств предполагалось держать в секрете до издания закона. Однако то один, то другой из оставшихся неразоблаченных националистов, продолжавших работать в партийных и советских органах, сообщал своим родственникам-баям о предстоящей конфискации…Все это привело к массовой распродаже скота, к угону его в глухие и скрытые места, к откочевкам за пределы республик. И голодающие попа­дались повсюду…». Шаруа Т.Ряд­нин, бәлкім, жоғарыда аталған шенеуніктің ағасы болса керек, ауылдағы жағдайды былай сипаттайды: «Первое, неужели вы, сидящие там сверху, допускаете до того, чтобы вашими уполномоченными применялись колчаковские методы репрессивных мер по отношению крестьянства, неужели вы посылаете их затем, чтобы они избивали нас лишь за то, что мы не имеем хлеба, которого нет совершенно ничего не можем дать. Народ забит, запуган, наэлектризован».

Архивтік құжаттар 1930 жыл­дардағы партия-кеңес бас­шы­лығының өкілдері орын ал­ған трагедияның сипаты мен ауқы­мын толық ұғынғанын айғақтайды. А.И. Миронова-Кароль, Қазақстан бойынша Бірлескен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) уәкілі орын­басарының жұбайы, 1931 жылы Қарағандыда орын ал­ған балалардың мәйітін жеу ту­ралы оқиғаларды сипаттай ке­ле, жұбайының әріптестері респуб­ликадағы ашаршылық туралы хабардар болғанын, «олардың азық-түлікке толы, барқытпен қапталған вагондарда құрып кету қаупі төнген ауылдар арасында жүргенін, сонымен қатар біз мұздатылған шош­қа етін, тауықтарды, қой етін, ірім­шіктерді, жалпы алуға болатын заттың бәрін алып жүрдік» деп жеткізеді. Дәл осы уақытта оның жұбайы С. Миронов жоғары тұр­ған органдарға мынандай ақпа­раттарды жолдаған еді: «В ходе хлебозаготовок широко применяются методы голого администрирования. Уполномоченный партии в ауле №1 (Павлодарского р-на) провел повальные обыски у семей, высланных за пределы района баев. Изъял у них весь продовольственный хлеб, вследствие чего на почве голода отмечено 40 случаев смертности, в большинстве детей, остальные для питания употребляют в пищу кошек, собак и другую падаль. Аналогичные случаи имеются и в других аулах района».

Партия шенеуніктері жоғары­дан жіберілген директиваларға сәйкес әрекет ете отырып, өздері түсінбестен, ауылшаруашылық өндірісіне бұрын-соңды болмаған соққы берді. Экономикалық дағ­дарыс күшейе түсті. Соның сал­дарынан Қазақстанның бар­лық аудандарын түгелдей дүр сіл­кіндірген бұрын-соңды болмаған ашаршылық пен демографиялық апат орын алды.

1980 жылдардың ортасына дейін кеңес ғылымында бұл та­қы­рыпты зерттеуге тыйым салын­ды. Бұл осы нәубеттің осы кезге дейін құпия сақталуымен бай­ла­нысты еді. 1991 жылы архив­шілер жариялаған «Голод в казахской степи» жинағы осы мәсе­ле бойынша алғашқы құжаттық ба­сылымдардың бірі болды. Осы­­дан кейін 1998 жылы 1920 жыл­­дардың аяғы мен 1930 жыл­дардың басындағы халықтың жап­­пай қырылуы мен ауыл шаруа­шы­лығын ұжымдастырудың мән-жай­­ларын зерттеген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумы комиссиясының шешімімен Қазақстан Президенті Архиві мен ҚР ОМА құжаттары негізінде «Насильственная коллективизация и голод в Казахстане 1931–1933 гг.» атты құжаттар мен материалдар жинағы шығарылды. 2011-2013 жылдары Президент Архиві «Голод в СССР. 1929–1934 гг.» (Мәскеу) халықаралық жобасына қатысты. Деректі серияда трагедияның себептері мен бастапқы кезеңін, ашаршылықтың шарықтау кезеңін, демографиялық салдарларын және КСРО-да болып жатқан оқиғаларға халықаралық реакцияны сипаттайтын құжат­тар жарияланды. Сонымен қа­тар 2012 жылы Президент Архи­вінің құрастырушы ұжымы Қазақ­стан халқы Ассамблеясымен бір­лесіп «Из истории депорта­ций. Казахстан. 1930–1935 гг.» құ­жаттар жинағы жарыққа шығар­ды. Бұл басылымға «ҚазАКСР-де кулактарды бай ретінде жою» саясатын жүргізу аспектілерін баяндайтын құжаттар енгізілді. Соңғы және тақырыпты толық ашатын басылымдардың бірі, Мә­дениет және ақпарат министр­лігінің, Мәдениет және спорт ми­нистрлігінің «Әдебиеттің әлеу­меттік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша 2013, 2018 жылдары шығарылған «Трагедия казахского аула. 1928–1934 гг.» құжаттар жинағының екі кітабы болып табылады. Бұл жинақтардың құжаттары 1930 жылдардың басындағы гума­ни­тарлық апатты сипаттайды және соның нәтижесінде қазақ этно­сының 40%-дан астамын жоғалт­қанын айғақтайды.

 

Евгения Чиликова,

Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің бас сарапшысы