Аймақтар • 10 Қараша, 2020

Тоғызқұмалақтан онлайн жарыс өтті

489 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тоғызқұмалақтан Назарбаев Зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың  жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет ежелгі ойынның жанкүйерлері өз қарсыластарымен онлайн форматта, PlayOk платформасында кездесті, - деп хабарлайды Egemen.kz

Тоғызқұмалақтан онлайн жарыс өтті

Ойын алдында қатысшуларды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова құттықтады.

"Тоғызқұмалақ төрт мың жылдық тарихы бар бірегей ұлттық ойын. Ол шығармашылық пен логиканы дамытады, сол себепті де бұл ойын оқушыларымыздың арасында кеңінен танымал. Ойынға қызығушылық таныту – өз халқының тарихы мен мәдениетіне жақындай түсу", деді К. Шәмшидинова.

Назарбаев Зияткерлік мектептері даму департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ балалардың тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтары жыл сайын артып келетінін, ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуға арналған жобалар NIS әлеуметтік жобалары қатарында сұранысқа ие екендігін атап өтті.

Үш жастық топта командалық есепте 2020 жылдың чемпиондары болып Талдықорған және Қызылорда қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің құрамалары танылды. Бір ерекешелігі Қызылорда командасы екі бірдей жастық топта сенімді жеңіске қол жеткізді. Жастық тобы бойынша жеке есепте Анель Кайрат, Абылайхан Тыныштықбай (екеуі де Талдықорған қ. НЗМ), Жұлдызай Мұнайтбасова (Қызылорда қ. НЗМ), Бекжан Әділжаппар (Семей қ. НЗМ), Жұлдыз Садықбек (Қызылорда қ. НЗМ), Бекарыс Жортабаев (Орал қ. НЗМ) чемпион атанады.