Экономика • 10 Қараша, 2020

Президент: Еуразиялық валютаның консультациялық механизмін құру керек

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция режімінде өтіп жатқан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшыларын кеңесінің отырысында ұйымға мүше елдердің өзара есеп айырысуда ұлттық валюталар үлесін арттыруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент: Еуразиялық валютаның консультациялық механизмін құру керек

"Протекционизмнің күшеюі мен тауарлық жеткізулер тізбегінің үзілуі біздің ұйымның экономикалық әлеуетін ашу мақсатын шұғыл шара етіп отыр. 2025 жылға дейінгі ШЫҰ-ны дамыту стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-қимыл жоспарын бекіту өзара сауданың қалпына келуі мен ұлғаюына ықпал етеді деп үміттенеміз", деді Президент.

Мемлекет басшысы аталған мәселені шешу барысында жобалық қызметті қаржыландыру тетіктерін құру бойынша келіссөздерді жеделдету қажет екенін баса айтты.

"Мұндай жұмысқа өзара есеп айырысуда ұлттық валюталар үлесін біртіндеп қамтамасыз ету бойынша жол картасын құру, сондай-ақ Еуразиялық қаржы консультациялық механизмін құру тың серпін берер еді", деді Мемлекет басшысы.