Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Карантин кезінде "Көкпар" ойынының өткізілуіне тосқауыл қойылды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде коронивустық инфекцияның туындауына және таралуына жол бермеу мақсатында облыстық прокуратура органдары күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізіп, құқық қорғау және уәкілетті органдардың жұмыстарын үйлестіріп келеді, - деп жазады Egemen.kz

Карантин кезінде "Көкпар" ойынының өткізілуіне тосқауыл қойылды

Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметінің мәліметінше, Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылында осы ауылдың тұрғынымен "Көкпар" ұлттық ойыны ұйымдастырылып жатқаны анықталды. Аталған іс-шара дер кезінде тоқталып, азаматтарға карантин талаптарының сақталуы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жиналған қатысушылар қайтарылды. Ал жинақталған құжаттар шара көруге қадағалаушы органға жолданды.

Өз кезегінде көкпарды ұйымдастырушы азамат бұл жағдай денсаулыққа қауіпті індеттің өңірде кеңінен таралуына әкеп соқтыратының ескеріп, іс-әрекетінің дұрыс емес екенін түсінді.

Бұндай іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салынғаны облыстық Бас санитарлық дәрігердің қаулысында айқындалған.  

Дәл осындай көкпар Кентау қаласының Қарнақ ауылында да өткізілген болатын. Оған облыстың өзге аудан мен қалалардан 500-ге жуық азаматтар келіп қатысқан. Ол кезде де аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында облыс прокуратурасымен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына ұсыну енгізіліп, нәтижесімен көкпарды ұйымдастырушы ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Құқық қорғау және уәкілетті органдары тарапынан карантиндік шараларды сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Сондықтан облыс прокуратурасы өңірдің тұрғындарын коронавирустың таралу қауіпіне байланысты карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырады.