27 Қараша, 2013

Жеті жасар қыз жоғалды

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша Тал­дықорған қалалық полициясына 24 қараша күні кешқұрым жеті жасар қыз Алуа Жүнісханованың жоғалып кеткендігі туралы анасынан хабарлама түскен. Үш тәу­ліктен бері бүлдіршінді өңір полицейлерінен тыс Талдықорған батальонының әскері, ҚР ІІМ ішкі әскері, Төтенше жағдайлар де­партаментінің қызметкерлері және тұрғылықты халық іздес­тіруде.

Полиция анықтамасына сүйен­сек, сол күні баланың ата-анасы қызды туысының қарауына қалдырып, өздері қонақта болған екен. Арнаулы құрылған топтар іздестіру жұмысын саяжайлар массивтерінде, бос қалған құрылыс нысандарында, Қаратал, Балықты өзендерінің жаға­лауларында, орманды ал­қаптарда, қала маңында орналасқан шаруа қожалықтарына тиесілі жерлер мен қыстақтарында жүргізуде. Талдықорған қалалық ІІБ бас­ты­ғының орынбасары полиция подполковнигі Батырхан Иман­досов жүргізіп жатқан іздестіру шарасынан әзірге қуанарлық хабар болмай тұр.

Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

ТАЛДЫҚОРҒАН.

Соңғы жаңалықтар