Аймақтар • 13 Қараша, 2020

Алматы полициясы жол үстінде абай болуға шақырады

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы полициясы жол үстінде абай болуға шақырады, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы полициясы жол үстінде абай болуға шақырады

Жалпы ауа райының қолайсыздығы ең бірінші жолдағы ахуалға тікелей әсер етеді.

"Осы орайда, барлық көлік жүргізушілеріне өз техникалық құралдарын қысқы мезгілге дайындап, дөңгелектерін айырбастауын сұраймыз. Ең бастысы жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жүргізушілік мәдениетті ұстануы тиіс. Жол үстінде өзара сыйластық таныту ең бірінші жол қауіпсіздігінің кепілі және алып шаһардағы жол көлік оқиғаларын болдырмаудың бірден бір кепілдігі екендігін баса айтамыз",  делінген хабарламада.

Кеше кешкі уақыттан бері ғана Алматы қаласы аумағында 39 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 9 адам зардап шексе, 2 адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар