Полиция басшысының айтуынша, қала бойынша қылмыстық ахуал толық бақылауда және тұрақты.
"Жыл басынан бері қылмыс саны 47,5% азайды. Атап айтқанда, қарақшылық шабуыл – 2,0 есеге, зорлау – 2,1, тонау – 2,2, бөтеннің мүлкін ұрлау – 2,4, пәтер ұрлығы – 3,0, көлік ұрлығы 2,6 есеге азайды", деді Қанат Таймерденов.
Сондай-ақ көлік ішінен ұрлау фактісі-37,5 есеге, көлік айналардың ұрлануы-2,5, бұзақылық-2,1 және алаяқтық-22,5 есеге төмендеген. Сонымен қатар, ол қылмыстық құқық бұзушылық бойынша жалпы қылмыстардың ашылу көрсеткіші барлық бағыттар бойынша 11,6% және барлық баптар бойынша жақсарғанын жеткізді.
"Биыл қарулы қарақшылық шабуыл – 6,6%, бөтеннің мүлкін ұрлау –6,9%, пәтер тонау – 12,6%, тонау – 19,9%, өзгенің көлік құралдарын ұрлық ниетінсіз иемдену – 5,6%, бұзақылық – 13,6%-ға және алаяқтық қылмысының ашылуы 6,7%-ға артты", деді ол.