Аймақтар • 13 Қараша, 2020

Жамбыл облысында күзгі балықтандыру жұмыстары жүргізілді

653 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жамбыл облысы аумағындағы балық шаруашылығына арналған су айдындарында кезекті күзгі балықтандыру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жамбыл облысында күзгі балықтандыру жұмыстары жүргізілді

Мәселен, Байзақ ауданының аумағында орналасқан, «Садуов» жеке кәсіпкерлігіне бекітіліп берілген«Войнское» балық шаруашылығы су айдынына 3000 дана және «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бекітіліп берілген «Юбилейное» балық шаруашылығы су айдынына 30 000 дана тұқы тұқымдас шабақтар жіберілді. Сондай-ақ, Жамбыл ауданы аумағында орналасқан «Жасөркен-1» балық шаруашылығы су айдыны 2013 жылы 27 маусымда Жамбыл облысы әкімінің қаулысымен «Ешенкулов Р.А.» жеке кәсіпкерлігіне бекітіліп берілген. Кезекті балықтандыру кезінде мұнда да 5000 дана тұқы тұқымдас шабақтар жіберілді. Ал, 2019 жылы 3 маусымда Жамбыл облысы әкімінің қаулысымен «Болашақ» шаруа қожалығына бекітіліп берілген «Шайдана» балық шаруашылығы су айдыны Жамбыл ауданының аумағында орналасқан. Кезекті балықтандыру жұмысы бойынша бұл жерге де 4200 дана тұқы тұқымдас шабақтар жіберілді. Талас ауданында орналасқан «Ақкөл» балық шаруашылығы су айдыны «Қойшыбай Ата» шаруа қожалығына бекітіліп берілген. Осы су айдынына 15 000 дана тұқы тұқымдас шабақтар жіберілді. Аталған су айдындарына жіберілген шабақтар «Сандель» шаруа қожалығының балық өсіру тәлімбағынан алынған.

Сонымен қатар, Талас ауданындағы тағы бір су айдыны «Пионер» балық шаруашылығы су айдыны. Бұл 2019 жылы 3 маусымда Жамбыл облысы әкімінің қаулысымен «KOKTAL AGRO-HALL» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бекітіліп берілген. Аталған су айдынына 8000 дана тұқы тұқымдас, карась және ақ амур шабақтары жіберілді. Шабақтар облыс аумағындағы «Рзаев» жеке кәсіпкерлігіне бекітіліп берілген «Каскад Шөміш» балық шаруашылығы су айдынынан алынған.