Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның оныншы – осы жылғы қорытынды отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Комиссия мүшелері қазақстандық бизнес өкілдерінен құралған сараптамалық топпен бірігіп, еліміздегі рұқсат беру жүйесінің түгендеу жұмыстарының нәтижелеріне талдау жасады.
Отырыста 925 рұқсат беру құжаты қаралып, оның 51-інің күші жойылды, 6-ы хабарлама беру тәртібіне ауыстырылды. 116 рұқсат беру құжаты әзірленіп отырған «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заң жобасының талаптарына сәйкес келмегендіктен, тізбеден алынып тасталды.
Бұл істі жүйелі жолға салу үшін «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» заң жобасы әзірленуде.
– Аталған заң жобасы комиссия жұмысының негізгі қорытындысы болып табылады. Қазақстан тәжірибесінде бірінші рет рұқсаттардың толық тізбесі мен оларды енгізу мен күшін жоюдың бірыңғай тәртібі белгіленуде, – деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.
Сонымен, комиссияның қорытынды отырысында 758 құжат бекітілді, оның 719-ы – рұқсаттар, 39-ы – хабарламалар. Заң қабылданғаннан кейін кез келген жаңа рұқсат аталған комиссия мақұлдағаннан кейін және заңға қосымша болып табылатын тізбеге енгізілгеннен кейін ғана өмірге жолдама алады.