27 Қараша, 2013

«Бәйтеректе» бағалау өлшемі жүргізілді

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкіметте Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің кезекті үшінші отырысы өтті, деп хабарлады «Бәйтерек» ҰХБ» АҚ баспасөз қызметі.

Үкіметте Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ директорлар кеңесінің кезекті үшінші отырысы өтті, деп хабарлады «Бәйтерек» ҰХБ» АҚ баспасөз қызметі.

Директорлар кеңесі хол­дингтің 2014 жылғы бюджетін және холдингтің басқарма мү­шелерінің негізгі қызмет көр­сеткіштерін бағалау өлшемдерін бекітті. «Бәйтерек» холдингі бас­қарма мүшелерінің жұмысы табысты арттыру, еншілес ұйымдар капиталының тар­тымдылығы мен тиімділігін көтеру, инвестициялардың қай­тарымы, тұтынушылар мен әріптестердің холдинг пен оның еншілес ұйымдарының жұмысына қанағаттануы сынды көрсеткіштер бойынша бағаланады. Ал бекітілген жұмыс тиімділігінің өлшемдері холдинг басқарушыларының бұл құрылымға Үкімет тарапынан жүктелген міндеттерді орындауға қаншалықты үлес қосып жатқанын объективті бағалауға мүмкіндік береді.

Отырыс барысында «Бәй­терек» холдингінің басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Премьер-Министрге Мемлекет басшысының «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басшыларының «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында алған пәтерлерді қайтарып, оны баспана кезегінде тұрғандарға бөлу туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы есеп берді. «Қайтарылуы тиіс пәтерлердің саны – 9. Жеті адам пәтерлерді өз ықтиярымен қайтаруға келісім берді. Қалған екі пәтердің мәселесі сот арқылы шешіледі. Жеті адамның алтауы қайтару туралы келісімшартқа қол қойды», – деп мәлімдеді холдинг басшысы.

Соңғы жаңалықтар