Аймақтар • 16 Қараша, 2020

Президент пәрменімен атқарылған жұмыстарға ел риза

453 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Қордай ауданына келіп, жергілікті жұртшылықпен жүздескен болатын. Сол сапарында Президент ауданда жыл басында орын алған оқиғаның салдарын жою керек екенін айтып, нақты жүзеге асырылуы тиіс тапсырмалар берді. Бүгінде тоғыз жолдың торабында орналасқан аудан қайтадан жаңарып, жаңғыру жолына түсті.

Президент пәрменімен атқарылған жұмыстарға ел риза

Қаракемер

 

Ең бастысы, Қордай ауданы биыл алып құрылыс алаңына айналып, көптеген игі іс қолға алынды. Мемлекет қолдауының нәтижесінде аудандағы талай жыл бойы қордаланып келген мәселелер шешімін тауып отыр. Бұл бастамаға жергілікті тұрғындар да алғыс білдіруде.

Степное ауылдық округіне қарас­ты Арал ауылына бұл күнде су құбыры тартылып, су қа­был­дау стансасының құры­лысы жүргізілуде. Жалпы, ауыз­су тарту бойынша ауданда 2,7 млрд теңгенің 6 жобасы жү­зеге асырылып жатыр. Мә­се­лен, Кенен ауылындағы су құ­­бы­рын тарту жобасы қазір тап­­сы­­рылу кезеңінде болса, Қара­­кемер, Қордай және Отар ауыл­дарындағы жұмыстар 80 па­йызға, Өтеген және Арал ауыл­дарында 90 пайызға аяқталған. Атал­ған нысандар пайдалануға берілгеннен кейін аудан бойынша орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 73-тен 78 пайызға дейін артады деп жоспарланып отыр. Сол сияқты Арал ауылындағы нысанда тереңдігі 90 метр болатын екі ұңғыма бұр­ғыланған. Ал су қабылдағыш ны­сан­ның өзі ауылдан 1,2 ша­қы­­рым жерде орналасқан екен. Орталықтандырылған су құ­быры 280 тұтынушыға қыз­мет көрсетеді. Жауапты мерді­гер «ТемірСтройСервис и К» жауап­кершілігі шектеулі серіктес­тігі қазіргі таңда аумақты жарық­тан­­дыру және абаттандыру жұ­мыстарын жүргізуде. Талай жылдан бері көпшілікті толғандырып келе жатқан көкейкесті мәселе биыл оңынан шешіліп отыр.

1

Қордай

Қордай ауданының халқын спортқа баулу мәселесі де бүгінде ойдағыдай жүзеге асып келеді. Мәселен, биыл «Samruk-Kazyna Trust» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілігімен Масанчи ауылында стритворкаут, кіші футбол және балалар ойын алаңы салынған. Жобаның құны 57 млн теңгені құрайды. Сон­дай-ақ «Агроспецстрой» жауап­кершілігі шектеулі серік­тес­тігі Әлжан ана ауылында дене шынықтыру-сауықтыру ке­шені­нің құрылысын жүргізуде. Аталған жобаның құны 323 млн теңгені құрайды десек, қаржыны «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бөлген. Енді мұнда балалар күрес, бокс және басқа да спорт түрлерімен шұғылдана алады. Құрылыс жұмыстары Тәуел­сіздік күні қарсаңында аяқ­та­лады деп жоспарланған. Соны­мен қатар дене шынықтыру-сауық­тыру кешені Отар және Бетқай­нар ауылдарынан да салынуда.

Мемлекет тарапынан биыл Қордай ауданының білім сала­сы­на да айрықша қолдау көр­сетілуде. Мәселен, Әлжан ана ауылында орналасқан №23 Т.Рысқұлов атындағы орта мек­тепке күрделі жөндеу жұмыс­тары жүргізілген. Бүгінде білім ны­са­ны­ның шатыры, едені, жы­лы­ту жүйелері ауыстырылып, дәретхана, су және газбен қам­тылып, 27 бейнекамера орна­тыл­ған. Бүгінгі таңда мұнда 868 оқу­шы оқитын болса, бастауыш сыныптарда оқитын 320 оқушы мектепте, қалғаны қашықтан білім алуда. Білім ошақтарын күрделі жөндеуден бөлек, аудан­да жаңа білім нысандары да салынып жатыр. Қазір ауданда 3 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Жаңадан салынып жатқан мектептердің есебінен Күнбатыс-2 алқабындағы бір апатты мектеп пен Масанчи, Қал­ғұты ауылдарындағы мектептерде де орын тапшылығы мәселесі толықтай шешіледі. Масанчи ауылындағы мектеп құрылысына «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 1,2 млрд теңге бөлінген. Аталған нысанның сыйымдылығы – 600 орындық. Бұл мектептің де қабырғалары көтеріліп, шатыры жабылуда.

Жалпы, биыл аудан тұрғын­дары үшін қолдау жылы болды. Білім, спорт салаларындағы құрылыстан бөлек, тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары да жүйелі жүргізілуде. Қазіргі кезде 1 524 қордайлық тұрғын үй кезегінде тұр екен. Тұрғындарды баспанамен қамту мақсатында аудан орталығы Қордай ауылының «Батыс» тұрғын алқабында 5 қабатты тұрғын үй салынуда. 60 пәтерлік қос үйдің бірі кірпіштен болса, екіншісі газоблоктардан тұрғызылуда. Бұл жұмыстар аяқ­талуға жақын. Аталған жұмысты «Агроспецстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Енді оған жақын маңнан саябақ және әлеуметтік нысандар салу жоспарлануда. Ал Қаракемер ауылын­да 20 коммуналдық пәтер­­дің құрылысы биыл баста­лып, бүгінде толықтай аяқталған. Құрылысқа 224 млн теңге бөлін­ген. Құрылысшылар көп ұзамай баспана өз иелерін табатынын айтып отыр.

Қазіргі кезде Қордай ауданында барлық салада қарқынды жұмыстар жалғасуда. Жергілікті жұртшылық үшін тағы бір қуа­нышты жаңалықтың бірі – бүгінде ауданда Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауылдарды газдандыру жұмыстары қолға алынуда. Мәселен, Қарасу, Өтеген, Масанчи, Қаракемер, Сортөбе, Бұлар батыр, Ауқатты, Қызылсай, Күнбатыс-1, Күнбатыс-2 ауылдарына жалпы сметалық құны 5,6 млрд теңгені құрайтын 73,2 шақырым газ құбырын келтіретін құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын.

1

Масанчи

«15 қазан күні құрамына Өтеген ауылы кіретін Қарасу ауылдық округіне газ кіргізілді. Бүгінде қос ауылдың тұрғындары ретімен газға қосылып, көпшілік мұндай жұмыстардың жүруіне ықпал еткен Мемлекет басшысына алғыс айтуда. Сонымен қатар «Отар аумағындағы» 12 елді мекенге, атап айтсақ Отар, Гвардейский, Кенен, Үлкен Сұлутөр, Сұлутөр, Көктөбе, Алға, Көгадыр, Соғанды, Мұз­бел, Аңырақай, Бел ауылдарына 175 шақырым магистралдық газ желісінің және АГРС-тің құрылысына 5,1 млрд теңге бөлініп, жұмыстар басталған», дейді Қордай ауданының әкімі Рүстем Дәулет.

Бұл күнде ауданның саяси жағдайының тұрақтылығы да маңызды. Осы орайда, өзге ұлт өкілдері тығыз орналасқан ауданда қазақ тілін үйрену мәселесіне де көп көңіл бөлінуде. Мәселен, бүгінде Сортөбе ауылындағы «Бүлдіршін» балабақшасында қазақ тілін оқыту курстары жандана түскен. Ал Қарасу, Ауқат­ты, Масанчи, Сортөбе ауылдық округтеріне қарасты орта мектептерде мемлекеттік тілді меңгеруді қажет ететін 595 педагог және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің өзге ұлт өкілдерін құрайтын 136 тәрбиешісі жұмыс істейді. Өзге ұлт өкілдері үшін «Тілдерді үйрету орталығында» қазақ тілін жеделдетіп оқытатын курстар да ашылған. Аталған курсты жүргізуге қазақ тілінің білікті 40 пән мұғалімі тартылыпты. Бүгінде жалпы 595 педагог курстан өтуде. Оның ішінде 167 педагог бірінші деңгейдегі мемлекеттік тілді меңгеріп, келесі кезеңге өткен. Аталған орталықта осы жылдың қаңтар айынан бастап барлығы 812 тыңдаушы тіл үйренуге қатысқан. Оқыту жұмыстарына дүнген, орыс, қырғыз, әзербайжан, өзбек, ұйғыр, балғар, кәріс, қарашай, татар ұлты өкілдері қамтылған. Оның ішінде 255 тыңдаушы оқу курсын аяқтаған. Ал қазіргі кез­де Сортөбе, Масанчи, Ауқат­ты, Қарасу, Бұлар батыр ауыл­дарындағы 25 топта 326 тың­дау­шы дәріс алуда. Сондай-ақ мем­­лекеттік тілде оқу курсын 326 тың­даушы өтуде.

Бүгінде Қордай ауданында қалыптасып отырған жағдай осындай. Қайтадан жаңғыру, жаңару жолына түскен аудан­ның тұрғындары бұл ретте Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтады. Президенттің пәрменімен жүзеге асып жатқан бастамалар, ат­қарылып жатқан жұмыстар болашақ ұрпақ үшін өзінің жемісін береді деп сенеді.

 

Жамбыл облысы