Ринат Бауыржанұлы 1982 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 2003 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін экономист мамандығымен бітірді. Ал 2017 жылы Атырау мұнай-газ университетін мұнай-газ ісі мамандығын алды.
Еңбек жолын 2005 жылы Экономика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясында) аға тергеуші болып бастады. 2010 жылдан құрылыс саласындағы жеке кәсіпорындарда басшылық лауазымдарды атқарды. 2018 жылдың қазан айынан бері Атырау қалалық Мәслихатының хатшысы болды.
2019 жылдың қараша айынан бүгінге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.