Ақтөбе облысының ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне Хромтау қаласында бір қабатты үйде өрт шыққаны, салдарынан газ баллоны жарылғаны туралы хабарлама түскенде, дереу аудандық өрт сөндіру бөлімінің 10 өрт сөндірушісі мен 2 техникасы оқиға орнына жеткен.
ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәлидің хабарлауынша, үй бірден өртеніп, жалын 90 шаршы метрді қамтыған. Кірпіштен салынған бір қабатты үйдің бір қабырғасы тұтас опырылып, құлаған. Соған қарағанда, әуелі газ баллоны жарылып, соның салдарынан үйдің іші бірден отқа оранған сыңайлы.
«Өрт сағат 12.29-да толық сөндірілді. Оқиға кезінде 9 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті. Балалар – 6 және 7 жаста, кішкентайы жаңа туған нәресте. Оларды күйік шалмаған. Қазір Хромтау қалалық орталық ауруханасы дәрігерлерінің бақылауына алынды», – деп жазылған Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
АҚТӨБЕ