Ең әуелі бір минут үнсіздік жарияланып, әріптестері ерлікпен қаза тапқан батыр туралы айтты. Жол полициясы басқармасы батальонының командирі, капитан Ғазиз Байтасов марқұм еліміз бойынша өз әріптестерінің арасында тұңғыш рет «Халық Қаһарманы» атағына ие болған алғашқы полицей. Ол 2011 жылдың 12 қарашасында Тараз қаласында қылмыс жасаған деструктивті діни ағымның өкілдерін ұстау операциясы кезінде жанқиярлық ерлік көрсетті. Капитан операция кезінде қоршауда қалған қылмыскердің оның өзін өзі жарып жіберуге әрекеттеніп жатқанын көріп, қылмыскерді денесімен жауып, жарылыстың алдын алды. Қас-қағым сәтте өз өмірін қию арқылы шешім шығарып, ондаған адамның өмірін сақтап қалды. Осыдан тоғыз жыл бұрынғы Тараз оқиғасында көптеген адам қаза тауып, жарақаттанған болатын.
АҚТӨБЕ