Аймақтар • 17 Қараша, 2020

Солтүстікте оккульттік-мистикалық ұйымның ұстанушысына айыппұл салынды

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласы ПБ Бірінші полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, оккульттік-мистикалық ұйымның заңсыз қызметін жүзеге асыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz ІІМ сілтеме жасап. 

Солтүстікте оккульттік-мистикалық ұйымның ұстанушысына айыппұл салынды

1974 жылы туған Қызылжар ауданының тұрғыны облыс орталығының Жамбыл көшесі бойындағы үйлердің бірінде жергілікті тұрғындардың белгілі бір сомаға қасиетті жерлерге шығуын ұйымдастырып отырған. 

Тұрғылықты жері бойынша адамдарды қабылдап, адыраспанмен және шипалы сумен жан-тәнді тазалау, ата-баба аруақтарына табыну сияқты ҚР аумағында тыйым салынған оккультік-мистикалық ағымға тән басқа да емдеу тәсілдерін қолданған. 

Солтүстік Қазақстан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаевтың айтуынша, солтүстікқазақстандыққа қатысты ҚР ӘҚБтК 489-бабы 10-б. (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелмеген, сол сияқты қызметi тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметiне қатысу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 25 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынды. 

Айта кетейік, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық сотының 2009 жылғы шешімімен “Ата жолы” (“Ақ жол”) ЖШС қызметіне Қазақстан Республикасы аумағы бойынша тыйым салынған.