Қоғам • 18 Қараша, 2020

Жексенбіде базарлар жабылады

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департамен­ті­нің хабарлауынша, алдағы жексенбі күні азық-түлік және азық-түлік емес заттар сататын барлық жабық базардың есігіне құлып ілінеді.

Жексенбіде базарлар жабылады

Сол күні тұрғындар қажетті заттарды ашық базарлар алаңдарынан сау­далай алады. Сондай-ақ ойын-сауық орындарындағы балалар алаңдары, караоке, бильярд, компьютер клубтары, аумағы үлкен мейрамханалар да жұмыстарын тоқтатады. Осылайша жабық сауда нүктелерінде демалыс күндері адамдардың көп шоғыр­лануын болдырмау шаралары қабыл­данып жатыр.

12 қарашада Ақтөбе облысында COVID-19 жұқтырған 7 дерегі тіркелді. Соңғы күндері Мәртөк және Қарғалы аудандарының тұрғындары арасынан қауіпті індет жұқтырғандар шығып жатыр. Өңірде сақтық шаралары күшейтіліп, эпидемиялық жағдай қалыпты деңгейде тұрса да, күн суытқан сайын вирустың өршу қаупі де жоғарылайды деген қауіп бар.

Әзірге облыс аумағында балалар­дың арасында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Дәрігерлер биыл күз айларында балалардың тұмау, жедел-респираторлы вирустық ин­фек­ция­­мен онша көп ауырмағанын хабарлайды. Бұл – мектептердегі онлайн оқытудың бір пайдасы.

 

АҚТӨБЕ