Медицина • 19 Қараша, 2020

Қазалыда дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры бар

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде Қазалы ауданында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Дегенмен де сақтық шаралары мен жұқпалы дерттің алдын жұмыстары толастаған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазалыда дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры бар

Аудан әкімінің орынбасары Әліби Әбиев Қазалы ауданаралық ауруханасы мен теміржол ауруханасына арнайы барып, медициналық мекеменің дайындық жұмыстарымен танысты.

Дайындық жұмыстарын пысықтауға келген аудан әкімінің орынбасарына Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақыткүл Әлішева мен "Қазалы теміржол ауруханасы" ЖШС бас дәрігері Сейілхан Артықбаев бүгінгі таңдағы аудандағы эпидемиялық ахуал жайында толық мәлімет беріп, атқарылған жұмыстармен таныстырды. Бүгінгі күні жергілікті ауруханаларда кемі екі айдың дәрілік заттары мен медициналық құрал-жабдықтардың қоры жеткілікті.

Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары кенттегі "Нұр.Мед.кз" медицина орталығына соғып, сатылымда бар дәрілік заттардың мөлшерін білді.

Жеке кәсіпкер Айнұр Тұрымбетованың айтуынша дәріханада ұзын сонар кезек болмаса да, сақтық шаралары әлі де қатаң бақылауда. Арақашықтықты сақтап, ішке үш адамнан артық кірігізілмейді. Сөрелерде елімізден бөлек, алыс-жақын шет елдерден жеткізілген емдік препараттар жеткілікті.