28 Қараша, 2013

Сириядағы химиялық қаруды жоюға жеке компаниялар қатысады

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 11 - Himyalik karuХимиялық қаруға тиым салу ұйымы Сирияның химиялық қару қолдануға пайдаланған заттарын жоюды жеке компанияларға ұсынбақ. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады.

Химиялық қаруға тиым салу ұйымы Ресей, Түркия, Иордания, Норвегия, Албания, Франция мен Бельгияның Сириядағы химиялық заттарды жоюдан бас тартуына орай осындай әрекетке баруға мәжбүр болып отыр. Жеке компанияларға қауіпсіз деп табылған 800 тоннаға жуық химикат жою тапсырылады. Ал ең улы заттарды жоюмен АҚШ әскерилері айналысады. Болжам бойынша, АҚШ химикаттарды арнайы кемемен ашық теңізге шығарып жояды.

Сирияның әскери қоймаларында улағыш заттар бар екені бұрыннан белгілі. Химиялық қаруға тиым салу жөніндегі конвенцияға қол қоймаған Дамаск мұны аса жасырмаған да еді. Сирия әскери қоймаларында нақты қандай химиялық қарулардың бар екені жөніндегі ақпарлар барлау деректеріне сүйеніп жасалатын. Сирияда соғыс басталғаннан бір жылдан кейін үкімет күштерімен күрескен оппозициялық құрылымдармен қатар, АҚШ әскері де химиялық қарулар бар қоймаларды басып алуға әрекет еткен.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Lenta.ru

Соңғы жаңалықтар