2013 жылғы 25 қараша, Астана, Үкімет Үйі
«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар
даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар, үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013-2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 33, 502-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2013 – 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
мына:
«
Назарбаев Университетінде студенттерді оқыту үшін 500 1881,5 2945,1
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Назарбаев Университетінде студенттерді оқыту үшін 539 1 700 3 400
»;
мына:
«
Оның ішінде Назарбаев Университеті дайындық бөлімінде тыңдаушыларды оқытуға 500 1505,0 3098,2
»;
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Оның ішінде Назарбаев Университеті дайындық бөлімінде тыңдаушыларды оқытуға 537 1418 2 836
»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013 — 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
«Магистратураға қабылдау» деген бөлімде:
мына:
«
Назарбаев Университеті 140 2106,3 4212,7
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
« »;
Назарбаев Университеті 97 2 500 5 000
».
2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.