Аймақтар • 21 Қараша, 2020

Университет кітапханасы мектеп оқушылары үшін қолжетімді болады

464 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала тұрғындарының осындай сауалына орай жауап берген Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Т.Балықбаев ендігі кезекте кітапхананың электронды оқулық қоры Алматы қаласының барлық мектептері үшін қолжетімді болатындығын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Университет кітапханасы мектеп оқушылары үшін қолжетімді болады

Алдағы уақытта университет студенттерінен өзге тұлғаларға қолма-қол кітап алу құқығын беруді де қарастыратын болады. Сондай-ақ М.Әуезов атындағы стадионды қала тұрғындарына белгілі бір уақыт аралығында қолжетімді ету мәселесін де шешілуде.

«Nur Otan» партиясы ұйымдастырған праймеризге қатысқан Талықбаев саяси науқанның қалатұрғындарының бірқатар мәселесін шешуге жақсы бастама болғандығын атап өтті. «Елбасының бұл бастамасы жаңа серпін, жаңа идеялар, жаңа есімдерді шығаруға мүмкіндік берді. Егер құнды идеяларды, жаңа инновацияларды енгізіп, оларды елдің одан әрі дамуы үшін пайдаланатын болсақ, мақсатымызға қол жеткіземіз. Медеу ауданындағы мектептермен, ардагерлер және басқа да ұйымдармен байланысымыз жақсы ұйымдастырылған. Кездесулер барысында қойылған сұрақтардан жаңа идеяларды алып, оларды шешу, керек тұстарын қолданысқа енгізу жағын ойластырудамын. Медеу ауданы тұрғындарының және біздің университетіміздегі әріптестерімнің сенімі алда5ы ж9мыстарымызды жандандыра түсетін болады» деп атап өтті Т.Балықбаев.