Медицина • 22 Қараша, 2020

Дәстүрлі Қытай медицинасының құпиялары

2771 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Қытай медицинасы өркендеудің ұзақ жолына жүріп өткені әлемге аян. Сондықтан дәстүрлі медицина – Қытайдың мәдени мұрасы деуге әбден болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәстүрлі Қытай медицинасының құпиялары

Біздің дәуірімізге дейінгі V-III ғасырларда қытай медицинасының жоғары даму деңгейін паш ететін талай туындылар, жаңалықтар болған. Қытайда ең алғашқы медициналық кітап «Хуан-динэйцзин» («Сары императордың ішкі ағзалар жайлы трактаты») деген атауға ие. Дәстүрлі қытай медицинасы инь-ян және у-син іліміне негізделген. 

Инь-ян – бұл қарама-қарсы екі жақ. Инь-ян ілімі бойынша, барлық заттар мен құбылыстардың өзара бірін-бірі толықтыратын қарама-қарсы қос жағы бар. Ағзаның сау хәлі инь және яннің тұрақтылығын айғақтайды, міне осы тұрақтылық бұзылған кезде, дерт басады. Инь-яннің екі жағы даүндестікте әрі тепе-теңдікте болуы мінсіз ретінде бағаланған.

Ащад

Ал у-синнің, орысша апатты бесеу немесе бес элемент – метал, су, ағаш, от және жер – қытай философиясындағы негізгі ұғымдардың бірі; бес мүшелі құрылымы әлемнің негізгі көрсеткіштерін анықтайды. Апатты бес элемент арасында өзара ынталандыру немесе өзара меңгеру қарым-қатынасы бар.

Адамзат ағзасы кіші көлемдегі ғарыштың, табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Сондықтан, бес элемент жайлы ілім адамзат организміне де қолданылады. Апатты бес элементті тұспалдайтын бес ағза: жүрек, бауыр, өкпе, көкбауыр және бүйрек. Осы ағзалардың арасында өзара әрекеттестік бар. Бес ағзаның өзара әрекеттесуіненадам ағзасындағы динамикалық тепе-теңдік орнайды. Ал тұрақтылық пен тепе-теңдік денсаулықты сақтауға болысады.

Сонымен, біздің ата-бабаларымыз адам ағзасы менаурудыинь-ян және у-син ілімі негізімен ұғындырған, нәтижесінде дертті анықтау мен ем-шара жасау қағидалары қалыптасқан.

Қытай медицинасы цзин-ло, сюэ-вэйжәне инемен емдеу ілімдерімен тығыз байланысты.Қытай медицинасын өркендету барысында шипагерлер адам ағазалары, сонымен қатар, ішкі және сыртқы ағзалардың арасында өзаралық байланыстардың барын анықтаған. Бұл өзаралық байланыстарды қытай медицинасыадамзат организмінің бүтін өзегінен өтетін цзин-ло тіршілік энергиясының меридианы деп атайды.  

Цзин-ло меридианында нақты рефлекстік сюэвэй нүктелері бар. Дертті жазу үшін, қару және инемен емдеу тәсілдерінің көмегімен осы нүктелерге әсер беру керек. Адамның денесіндегі сюэ-вэйдітітіркендірту арқылы ауырсынуды жазуға, ауруды жеңілдетуге болады.

Қару және инемен емдеуден басқа, сюэ-вэй тітіркендіртудің басқа да тәсілдері қолданылады: туй-на емдік уқалауы, медициналық құтыларды қолдану, гуа-ша терапиясы. Осы тәсілдердің дерлігі қан айналымын ретке келтіре отырып, айығу нәтижесіне жетеді.

Замануи медицинадан гөрі классикалық қытай емі дертті жазудан бұрын оның белгілеріне көңіл бөледі. Қытай медицинасының басты назарға алатыны, алдымен адамның өзі – яғни тек «ауруын» ғана емес, оның өмір сүру салты, тіршілік ету ортасы, дағдылары, мінез-құлқы. Себебі, қытай шипагерлерінің көзқарасы бойынша, дерт – бар болғаны ағзадағы жалпы тепе-теңдіктің жиі бұзылуы.

Осылайша, қытай медицинасы жүйелілікке негізделеді. Аспанасты елі медицинасының теориясында денсаулықтың тетігі инь мен ян аралығындағы тұрақты үндестікте дейді. Дерт ішкі ағзалардағы инь мен ян аралығындағы ішкі үйлесімсіздіктен туындайды. Қытай медицинасы шеңберіндегі терапия мынада яғни ішкі үйлесімдікті қалпына келтіру, жеке ағзалардың физиологиялық қызметтерін туралау және иммундық жүйені нығайту.

Қытай медицинасының құпиясы мүлдем қарапайым: барлық әдістері мына терең сенімге негізделеді яғни әрбір адамның ішкі жан дүниесінде өзін қорғай алатын және өзін-өзі емдей алатын өзіндік реттеу құдіретті күш бар.  Тәжірбиелі дәрігердің бар міндеті – осы күштерді ояту.

Дәрі-дәрмектер қытай медицинасында басты рөлатқарады. Қытай медицинасының дәрі-дәрмектері табиғи шөптер, жануарлар ағзалары мен кейбір минералдардан әзірленеді. Тарихи әңгімелер сүйенсек, аты аңызға айналған батыр Шэнь-нун науқастардың ем-домы үшін, өзіне жүздеген емдік шөптерді қолданып, олардың емдік тиімділігін анықтаған. Қытай шипагерлері шөптердің фармакологиялық ерекшеліктерін танып-білуге талпынып, емдік әсерлері бар шөптерді таңдай білген.

Ежелден көрші елдің медицинасы дерттенуге ескерту яғни аурудың алдын-алуға үлкен мән береді. Әріден осы мақсатта, ежелгі заманда қытайлар психологиялық күйзелістен арылу, тиімді тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, қажетті дәрі-дәрмектерді қолдану, ушу немесе цигун жаттығуларымен айналысу тәрізді сауықтандыру шараларын қолдана бастаған.

Ұлттық ушу гимнастикасы – Қытайдың мәдени мұрасы. Ушу денсаулықты нығайту тәсілі әріқорғану үшін жауынгерлік өнер нақышы болып табылады. Шипагерлердің пікірінше, бұл гимнастикамен жүйелі түрде айналысу организм тонусын көтеріп қана қоймайды, көтеріңкі көңіл-күй және сергектікке себепкер, әріден дауалы әрекет.

Цигун тыныс алу гимнастикасы психологиялық бақылауға негізделінеді яғни адам санасын қадағалауға бағындырады және өз тынысын реттейді. Тыныс алу гимнастикасымен айналысу дертті жеңумен денсаулықты нығайтуда көмегі орасан.

Қытай медицинасы туралы сөз қозғалғанда, үздік дәрігерлерді ескерусіз қалдыру мүмкін емес. Мысалы, Бянь Цюэкеремет диагнозшы болғандеседі. Дәл осы кісі өз тәжірбиесінде мұқият тексеріп-қарау, дыбыстарды тыңдау, науқаспен сөйлесу және тамыр соғуды өлшеу сияқты диагностикалық тәсілдерді кеңінен қолданған.

Ең танымал қытай дәрігері Ли Шичжэнь да қытай медицинасы мен ботаникасының дамуына аса үлкен ықпалын тигізуші санатында. Оның атақты фармакологиялық «Бэнь цао ган му» трактаты («Шөптер мен тамырлар туралы негізгі қағидалар»/«Ғажайып шөппен емдеуші») тіпті заманауи медицина үшін өз ғылыми құндылығын жоймаған.

Бянь Цюэмен Ли Ши-чжэньнен басқа, қытай медицинасының дамуына зор үлестерін қосқан үздік қытай шипагерлері көптеп болған.

Хуа То «бес жануардың ойыны» (қытайша айтылуында-у цинь си) сауықтандыру гимнастикасын жетілдіруімен танымал. Ол бірінші болып, гимнастикалық жаттығуларды медицинамен байланыстырған. Әрі алғаш ма фэй сань дәрісін және ауырсынуды басу тәсілін өңдеп шығарушы. Хуа То ота жасарда, ауырттырмайтын затты шарапқа ерітіп, науқастарға беріп отырған. Солайша науқас ота жасалу кезеңінде ауырсынуды сезінбеген. Өкінішке орай, бұл рецепті жоғалған.

Бүгінгі Қытайда Ту Юю 2015 жылымедицина мен физиология бойынша артемизинин жаңалығы үшін Нобель сыйлығының лауреаты атанған ең танымал дәрігерлердің бірі. Ол бірінші этностық қытай әрі физиология мен медицина бойынша Нобель сыйлығын иемденген алғашқы Қытай азаматшасы болып табылады.

Дәстүрлі медицина – Қытайдың мәдени мұрасы. Оның тиімділігіне сенесіз бе, сенбейсіз бе, маңызды емес, бірақ ақиқатты елемеу ауыр: өйткені ол бірнеше ғасырдан бері қытайлықтардың сенімінен шығып келеді. COVID–19 тәжді індетпен күресуде дәстүрлі қытай медицинасы науқастардың жылдам айығуларын жоғарлату мен өлім-жітік деңгейін төмендетуде белсенді рөл атқаруда, себебі қытай медицинасының әдістері науқастардың «ішкі үйлесімділігін» жақсартуға көмектеседі, нәтижесінде клиникалық деректермен расталу мүмкіндігі бар өкпе қабынуының ауырлауын тежеу, олардың белгілерін жұмсартуына көмегін әбден тигізуде.

P.S. Материал Екінші шетел тілдері Бейжің университеті филология ғылымының докторы Чжан Хуэйцинь ханымның мақаласына сүйене отырып әзірленді.