28 Қараша, 2013

Бангкокта оппозиционерлер қарсылық қозғалысын тоқтатты

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 11 - Bangkok blokadaБангкокта оппозиционерлер Таиланд ішкі істер министрлігі ғимаратын қоршаудан босатты. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Нейшн» газетінің ақпары бойынша, ІІМ ресми өкілі манифестанттарға мекеме қызметкерлері сәрсенбі күні жұмысқа шықпайтынын айтқаннан кейін ғана олар ғимарат аумағын босатуға келіскен. Таиланд ішкі істер министрлігі елдегі атқарушы билік қызметіне ғана жауап береді. Ал полиция жұмысын басқару министрліктің құзырында емес.

Таиландтағы оппозиция жетекшілері сәрсенбі күні Демократия монументінің алдында жаппай наразылық акциясын ұйымдастыратынын мәлімдеді. Олардың айтуынша, акция алдыңғыларға қарағанда ауқымды болып өтеді. Жексенбі күні Демократия монументінің алдына 400 мыңнан аса адам жиналған болатын. Ал дүйсенбі күні оппозиция үкіметтік мекемелерді қоршауға алып, Бангкок көшелерінде наразылық шеруін өткізді.

Ереуілге қатысушылар Таиланд билігінің үкіметтің бұрынғы басшысы Таксин Чинаватпен байланысына наразылық білдіруде. Акцияны ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, Таиландтан қуылып кеткен экс-премьер шетелде жүріп, ел билігіне араласып отыр. Таксин Чинават 2006 жылғы әскери көтерілістен кейін биліктен босатылған еді. Кейіннен ол қызметтік өкілетін асыра пайдаланғаны үшін сырттай екі жылға сотталды.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Соңғы жаңалықтар